Kyzylorda-news.kz  Мемлекеттік көрсетілетін қызмет бұл көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылады. Яғни, олардың құқықтарын, заңды мүдделерін іске асыруға және тиісті материалдық игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі. Осы ретте, кеше Сырдария ауданында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігіне қоғамдық бақылау жұмыстары жүргізілген болатын.

Қоғамдық ұйым өкілдерінің қатысуымен өткізілетін мониторингтің кезекті іс-шарасы Департамент жанындағы Ведомствоаралық жұмыс тобының мүшесі Айгүл Ахметова мен Ержан Бейімбетов аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің жұмысымен танысты.

Бақылау жүргізілген мекемелер ғимараттарында мүмкіндігі шектеулі адамдарға жағдайлар жасалған, мемлекеттік қызмет көрсету туралы өзекті ақпараттар орналастырылған және де өзектендірілген. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізімі мен оларды толтыру үлгілері орналастырылған және өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс жасайды. Бақылау жұмыстары алдыңғы уақытта да жалғасын табатын болады.

Тағы да оқыңыз: