Kyzylorda-news.kz.  Сырдария ауданында кәсіпкерлік саласында айрықша басымдықтар байқалады.  Бизнеске икемді көпшілік өз кәсібін дөңгелетуде. Cырдария ауданы бойынша 2023 жылдың 1 қаңтарына 2980 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркелген. Оның  ішінде жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2853 болып, тіркелгендерге үлесі 95,7 пайызды құрады. Жалпы 2022 жылы ауданда мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар аясында құны 3,0 млрд. теңгені құрайтын 500 жобаға қаржылай қолдау көрсетілді. Оның ішінде, құны 2,6 млрд. теңгенің 198 жобасы несие болса, құны 375,1 млн. теңгенің 302 жобасы грант қаражаты болып табылады. 

Өз кезегінде мемлекеттік бағдарламаларға келетін болсақ, «Микробизнес-Қызылорда» бағдарламасы аясында құны 172,9 млн. теңгенің 25 жобасы кеңестің оң шешімін алып, қаржыландырылды.  «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы бойынша құны 54,7 млн. теңгенің 13 жобасы қаржыландырылды. «Ұлттық жоба» щеңберінде «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы бойынша құны 481,9 млн.теңгенің 26 жобасы екінші деңгейлі банкттер тарапынан субсидияланса, құны 193,2 млн.теңгенің 23 жобасы ішінара кепілдендірілген. Осы бағдарламаның 5,0 млн. теңгеге дейінгі қайтарымсыз грант конкурсына ауданнан құны 271,6 млн.теңгені құрайтын 67 жоба қатысып, Тереңөзек кентінен құны 7,9 млн. теңгенің 2 жобасы жеңімпаз атанды. Олар «Макарон өнімдерін өндіру» жобасы (4,9 млн. теңге) және «Құм блогын өндіру» жобасы (3,0 млн. теңге). Сонымен қатар, жұмыспен қамту орталығы арқылы «Стартап» жаңа  бизнес  идеяларды іске асыру мақсатында 1 225 200 теңгеден 300 адамға 367,2 млн.теңге көлемінде мемлекеттік қайтарымсыз грант берілді. «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның Қызылорда филиалы арқылы құны 1246,5 млн. теңгеге 37 ауыл шаруашылық техникалары мен құрал-жабдықтары алынды. «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ы арқылы құны 518,6 млн.теңгенің 74 жобасы қаржыландырылды. 

«Шын мәнінде, аудан тұрғындарының кәсіпкерлік нысандарын ашуға деген ынтасы зор. Қазіргі уақытта бизнеспен айналысуға зор мүмкіндік қарастырылған. Жүйелі түрде кәсіп ашуға мүдделі азаматтарға түсіндірме жұмысы жүргізііп келеді. Мемлекеттік грант ұтып алған азаматтар кәсібін кеңейтуге мүмкіндік зор. Кәсіп ашуға деген құлшынысы жоғары азаматтар тың жобаларға иек артқаны дұрыс.  Қай кезде де, аудан экономиқасының дамуына кәсіпкерліктің өркендеуі орасан зор септігін тигізеді», – деді Аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы А.Садуақасов.

 

 

 

Тағы да оқыңыз: