Kyzylorda-news.kz.  Сырдария ауданында аудан басшысының тікелей тапсырмасына сәйкес, жылыту маусымына байланысты жүйелі жұмыстар жасалуда. Сала мамандары есепті кезеңде кешенді іс-шаралар жүргізіп,  тозығы жеткен жылытуға арналған құрылығыларды тексеруде. Негізінен, 2023-2024 жылу маусымында әлеуметтік нысандарға қажетті 2589 тонна қатты отын және 1790,7 сұйық отынға тасымалдаушылармен шарттар жасалынып, әлеуметтік нысандарға қатты отын тасымалдау тамыз-қыркүйек айларында жүргізілді. 

Сондай ақ, сұйық отын қойманың сыйымдылығына байланысты жеткізілген. Аудан көлеміндегі көмір тасымалдаумен айналысатын «Углесбыт» және «Нұрдаулет» кәсіпкерлермен жылу маусымында тұрғындарға қажетті 15 000 тонна көмірге меморандум жасалынып, тұрғындарға тиісті бағаға сатылған. Сонымен қатар ауданға қарасты облыс орталығына жақын орналасқан (Айдарлы, Жетікөл, Аманкелді, Бесарық, Қоғалыкөл) тұрғындарына «Казком» жеке кәсіпкермен 7 500 тонна көмір тасымалдауға меморандум жасалынып, тұрғындарға үйлестірілді.

Мәселен, 2024-2025 жылу маусымы бойынша аудан әкімінің 29 сәуірдегі №76 өкімімен 2024-2025 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстарын ұйымдастыру жөнінде аудандық штаб құрылып, тиісті іс-шаралар бекітіліп, жұмыстар атқарылуда. Сырдария ауданы бойынша 80 әлеуметтік нысан бар. Оның ішінде, білім беру саласында – 36 яғни, 17 – сұйық отын, 8 – қатты отын, 11 – газ бойынша жылыту маусымына дайындық жүргізіледі. Ал денсаулық сақтау – 17, яғни, 1-сұйық отын, 12-қатты отын, 4 – газ, мәдениет және спорт саласында – 27 нысан 15 – сұйық отын, 5 – қатты отын, 7 – газ болып табылады.

2025 жылдың 1 қантарына дейін әлеуметтік нысандарға қажетті сұйық және қатты отын сатып алуға 244,4 млн теңге бөлінген. Оның ішінде, 796,8 тн сұйық отынға 224,3 млн теңге, 1323,5 тн қатты отынға 20,1 млн теңге бөлініп, тасымалдаушылармен шарттар жасалынды. Әлеуметтік нысандарда қазіргі таңда 129 тн қатты отын және 109 тн сұйық отын қоры бар. Әлеуметтік нысандарға қатты отын тасымалдау тамыз-қыркүйек айларында жүргізіледі. Сондай ақ сұйық отын қойманың сыйымдылығына байланысты жеткізіледі.  Аудан көлеміндегі негізгі 1 көмір тасымалдаумен айналысатын «Нұрдаулет» кәсіпкерлермен жылу маусымында тұрғындарға қажетті 15 000 мың тн көмір жеткізуге және тиімді бағамен сатуға меморандум жасалды. Сонымен қатар облыс орталығына жақын орналасқан Айдарлы, Жетікөл, Аманкелді, Бесарық, Қоғалыкөл тұрғындары Қызылорда қаласынан тасымалдайды.

Фото: Н.Нұржаубай

Тағы да оқыңыз: