Kyzylorda-news.kz. Жолдың сапалы болуы әрбір тұрғын үшін маңызды екені мәлім. Сондықтан жыл сайын жолды жөндеуге мемлекеттен қаржы бөлініп, барлығы жоспар бойынша кезектілігімен іске асуда.
Өз кезегінде аудан әкімінің орынбасары Р. Еспенбетов Тереңөзек кентінде орналасқан Қ.Бөдеев көшесін жөндеуден өткізіп жатқан мердігерлермен кездесіп, жұмыстың барысымен танысты.
Ауданда көше жөндеу жұмыстары қарқынды түрде жүзеге асырылуда. Ең алдымен, көше жөндеу барысында сапаға көңіл бөлуіміз керек. Қазіргі уақытта жауапты мекеме Қасым Бөдеев көшесінде тиісті жұмыстар жасауда. Өз кезегінде біз тұрғындардың талап-тілегін орындау мақсатында кешенді жоспарлар жүргізіледі. Біз қашанда сапаға көңіл бөлуіміз керек. Аталған көшенің жөнделуі сапалы болған жағдайда жергілікті халық игілігін ұзақ уақыт көретін болады, – деді Аудан әкімінің орынбасары.
К. Бөдеев көшесі бойынша жолдың ұзындығы 2 шақырым және ені 6 метр асфалттанады, 3 жерде аяқ су арығының трубасы ауыстырылып қайта салынатын болады. Бұл ретте, мердігер мекеме «Әлем Қызмет Group» ЖШС-і тиісті жұмыстарды жүргізуде.
Айта кетейік, Тереңөзек кенті бойынша ағымдағы жылы А.Алиакбаров, Д.Қонаев, Ә.Тоқмағанбетов, Қ.Бөдеев, Айтбай арық, Т.Қозыбаев, Б.Өтепов, Б.Момышұлы 2,3,4,5,6 көшелеріне жол жөңдеу жұмыстары жүргізілетін болады.