Kyzylorda-news.kz.   Сырдария ауданына қарасты Ақжарма ауылында аудандық мәдениет және спорт бөлімі және Ақжарма ауылдық округі әкімдігінің қолдауымен, Ақжарма ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен "Алтын балық –2023" облыстық әуесқой балық аулаушылар арасында командалық жарыс өткізілген болатын. Аталған жарысқа облыс көлеміндегі аудандардан және Қызылорда қаласынан барлығы 10 командаға бөлінген 20 талапкер қатысты. 

Негізінен, облыстық жастырың   ережесі бойынша қатысушылар 1 қармақпен ғана аулау керек болды. Спорттық бәсекеге облыстық спорттық балық аулау федерациясының мүшелері, білікті мамандар Ш Женсикбаев. пен  А.Қобылан төрелік етті.  2 кезеңнен тұратын балық аулау жарысы әр кезең 4 сағаттан, барлығы 8 сағатқа созылды. Жарысқа қатысушыларға Ақжарма ауылдық мәдениет үйі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен табиғат аясында түскі ас берілді. Облыстық жарыс  нәтижесінде, І орынды Қызылорда қаласынан келген "Ема фишин-2" командасы, ІІ орынды Ақжарма ауылынан қатысқан "Фартовые" командасы, ІІІ орынды Сырдария ауданынан қатысқан "Ема фишинг-3" командасы иеленді. Ал  "Ең үлкен балық" номинациясын Жаңақорған ауданың балық аулаушысы Сұлтан Байхожаев қанжығасына байлады. Жарыс жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды.

– Біз спорттық жарыс түрі саналатын балық аулаудан  жыл сайын облыс біріншілік өткізуді қолға алғанбыз. Табиғат аясында әуесқой балықшылар бар өнерлерін салды. Көпшіліктің қызығушылығын жарыста балықтыереже бойынша аулай білген әуесқойлар жеңімпаз атанды, – дейді жарыс ұйымдастырушысы Айтмағанбет Темірханов.

742d4a9c-8649-40b8-ad7b-16bd7d66f47c.jpg

Тағы да оқыңыз: