Kyzylorda-news.kz  Сырдария ауданына қарасты Ақжарма ауылдық округінде 2800 адам 519 отбасында тұрады. Ауыл тұрғындарына  мектеп, балабақша, емхана, мәдениет үйі, спорт кешені өз дәрежесінде тиісті қызметін көрсетуде. Ақжарма ауылдық округінің әкімі Е.Ешмұратовтың айтуынша өткен жылы бюджет 117,602, 7 млн теңге болып бекітілген. Жыл соңында қаржы 100 пайыз игерілген. Салық бойынша түсімдер – мүлік, жер, көлік, біріңғай жер салығы, табыс, заңды тұлғалардың көлік салығы, мүлікті жалға беру, жер пайдаланған жалдау ақысы 9 233400,0 млн теңге болып, 103,8 пайыз болып орындалған.

Елдімекен бойынша 11 отбасына мемлекеттік жәрдем ақы тағайындалған. Жұмыссыздық есебінде тұрған 61 адам қоғамдық жұмысқа, "Күміс жас" бойынша 1 адам, жастар практикасымен 13 адам тартылған. Ауылға жалпы құны 3,9 млн теңгеге тұрмыстық қатты қалдықтар полигоны салынып, көлемі 2 гектар жер темір қоршаумен қоршалған. Жеке үй шаруашылықтарында мал саны: мүйізді ірі қара – 2280бас, уақ мал – 2087 бас, жылқы – 2008 бас, құс – 1653 бас.

Мемлекеттік бағдарламалар аясында "Іскер" Аграрлық несие корпорациясы арқылы "Нұрсерік" ш/қ, "Ызакөл" ш/қ мал шаруашылығын дамытуға және "Ақжарма және К" фермерлік қожалығы егін шаруашылығы жобасы бойынша қаржыланған. Сонымен қатар, "Өңірлік инвестициялық орталығы" МҚҰ арқылы жеке кәсіпкерлер "Нұрым", "Аябек" және "Ахмедияров" жылқы малын бордақылау және көбейту жобасымен қаржыланған.

Ауыл тұрғындары А.Советов, Г.Тәуекелова, Э.Ахметова, Г.Иманбай, Н.Сатанова, А.Сейілханова бұзаулы сиыр алу үшін және А.Сүлейменова кондитерлік өнім өндіруге қайтарымсыз 1 млн 380 мың теңге грант алған. Мұнан басқа, "Іскер" бағдарламасымен "Аграрлық несие корпорациясы"АҚ  бірнеше кәсіпкер мал шаруашылығына несие алған. Ауылда 21-35 жас аралығындағы жастарға арналған 2,5 пайыз несие бойынша 10 жоба мақұлданып жастардың өз бизнесін бастауына мүмкіндік алған. Сонымен қатар, "Ауыл аманаты" және "ҚазАгроҚаржы"Ақ арқылы ауылшаруашылығы техникалары мен құрал-жабдықтарын алуға 6 кәсіпкердің жобасы мақұлданған.

Ауылдық округте тұрғындардың таза ауызсу тұтынуы үшін 2015 жылы су құбырлары түгел тұрғын үйлеріне кіргізілген. Ауылдағы электр желілері 2017 жылы толығымен бағаналар мен трансформаторлар ауыстырылған. Соңғы 3-4 жылдың көлемінде "Ауыл ел бесігі" бағдарламасы арқылы республикалық бюджеттен ауыл ішінің көшелері жөнделіп, жарық шамдар орнатылған. Аяқсу мәселесі бойынша өткен жылы 1 дана СНП-500 электрлі насос "Дәулетарық" каналына, 1 дана дизельді насос "Ақжарма" каналына қойылып, ауылға аяқсу толығымен берілуде.

Елдімекенде ұрлықтың және оқыс оқиғалардың алдын алу үшін ауылға кіре беріс жолмен, көшелерге 9 дана бақылау камералары орнатылған.

Ақжарма ауылын газдандыруға байланысты "Ақжарма-2" шаруа қожалығының демеушілігімен жобалық-сметалық құжаты дайындалған. Ауыл орталығында орналасқан тозығы жеткен спорт алаңын осы шаруа қожалығының демеушілігімен жасанды төсенішін жаңалау жұмыстары жүргізілген. Бүгінде орталық көшелерге жаяу жүргінші жолдарын салу жұмыстары жоспарланған.

Тағы да оқыңыз: