Kyzylorda-news.kz. Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай Сырдария ауданы әкімінің орынбасары Талғат Нұртазаев сала ардагерлері мен қызметкерлерін қабылдап, құрмет көрсетті.

Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысына сәйкес жыл сайын қараша айының үшінші жексенбісі ауылшаруашылық қызметкерлері күні болып бекітілген. Бұл мереке 2017 жвлдан бері аталып өтіп келеді. Айтулы күнде сала ардагерлері мен қызметкерлерін төрге шығарып, оларға құрмет көрсету Сырдария ауданында да жүзеге асты.

Биылғы жылы Сырдария ауданы үшін өте жоғары нәтижелі жыл болды. Аудан аймақ бойынша ауылшаруашылығы саласындағы «Үздік аудан» атанды.

Халықтың жағдайын жақсарту мен өнім сапасының жақсы болуы - ауыл шаруашылығының дамуымен тығыз байланысты екені белгілі. Осы жұмыстарды атқаруда, ауыл шаруашлығын дамыту жолында ауыл еңбеккерлері мен сала мамандарының сіңірген еңбектері зор. Осындай жауапты міндет жүктелген мамандықты меңгеріп, Сырдария ауданының ауыл шаруашылығын дамыту жолында талмай еңбек етіп жатқан азаматтарға сый-құрмет көрсетілді. Аудан әкімінің орынбасары Талғат Нұртазаев біршама ардагерлер мен қызметкерлерге Алғыс хат табыстап, марапаттады.

316093860_1249803982249158_7728949866711233663_n.jpg

Тағы да оқыңыз: