Kyzylorda-news.kz.  «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы ауылдарды дамытуға арналып,  2019 жылы басталған. Жобаның мақсаты – инфрақұрылымды жаңғырту есебінен ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту, ауылдарды өңірлік стандарттар жүйесінің параметрлеріне жеткізу.

Ұлттық экономика министрілігінің мәліметінше 2023 жылғы 1 қаңтардағы мәлімет бойынша республикада 6 293 ауылдық елді мекен бар, онда 7,8 млн-ға жуық адам тұрады. «Ауыл – ел бесігі» жобасын іске асыру үшін елдегі ауылдардың жалпы санынан даму әлеуеті жоғары, ауыл тұрғындарының 90%-ы тұратын 3,5 мың ауылдық мекен іріктеліп алынған. Бұл үшін әр жылдары қаржы бөлініп, тұрғын үй-комму¬налдық шаруашылық нысаны, әлеуметтік инфрақұрылым нысаны және көлік инфрақұрылымы нысанын жаңадан салуға және жөндеуге мүмкіндік берді, сәйкесінше жұмыс орындары құрылды.

Аудан бойынша жол саласына 29 жобаға 1 млрд (1030,6) теңге қаржы бөлінген. Оның ішінде республикалық бюджеттен 12 жобаға 488,7 млн теңге бөлініп, қазіргі таңда 8 жоба бойынша жұмыстар басталуда. Қалған 4 жоба бойынша мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

Атап айтқанда, Аманкелді ауылы бойынша автомобиль жолдарын жөндеуге 1 жоба атқарылады. Жалпы қаржысы 107,3 млн теңге ."Акнур-Авто" ЖШС-гі тарапынан Жанкина, Жалмурзаева, Ағайдаров, Баймағамбетов, Қалымбетов көшелері жөнделеді. Ұзындығы 3,2 км, республикалық бюджеттен бөлінген қаржы 107,3 млн теңге.

Қоғалыкөл ауылында автомобиль жолдарын жөндеу бойынша 2 жоба іске асады. Жалпы қаржысы 33,8 млн теңге. Ауылдағы М.Шоқай тұйығының автомобиль жолын орташа жөңдеу бойынша мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Ұзындығы 0,2 км, республикалық бюджеттен бөлінген қаржы 15,9 млн теңге. Сонымен қатар М.Шоқай көшесін орташа жөндеу  бойынша мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Көшенің ұзындығы 0,3 км, республикалық бюджеттен бөлінген қаржы 17,9 млн теңге.

Шіркейлі ауылында автомобиль жолдарын жөндеу бойынша 2 жоба атқарылады. Жалпы қаржысы 45,4 млн теңге.
Атап айтқанда, "Әлем ҚызметGroup" ЖШС-гі тарапынан Қ.Қожамжаров көшесін жөндеу атқарылады. Ұзындығы 0,7 км, республикалық бюджеттен бөлінген қаржы 25,6 млн теңге, екінші жоба – Бейбітшілік көшесінің автомобиль жолы бойынша қайта конкурс жарияланады. Ұзындығы 0,6 км, республикалық бюджеттен бөлінген қаржы 19,8 млн теңге. 

Тереңөзек кентінде де бірнеше көше жөнделеді деп күтілуде. "ӘлемҚызметGroup" ЖШС-гі арқылы Қ.Бөдеев,  Ә.Тоқмағанбетов, Ә.Тәжібаев, А.Алиакбаров көшесі жөнделеді. 

"Айзон" ЖШС-гі арқылы Қонаев көшесі жөнделеді. Қалған 2 жобамен Б.Өтепов, Т.Қозыбаев көшелері бойынша мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

2023 жылға Сырдария ауданы Қалжан ахун елді мекенің газбен қаму жұмыстарының жалпы  құны 330,5 млн теңге құрайтын жобаның республикалық бюджеттен бағдарлама аясында  297,5 млн теңгесі бөлініп, облыстық бюджеттен 33,0 млн. теңгесі күтілуде. Жоба бойынша газ құбырының жалпы ұзындығы – 19,7 км, газ реттегіш шкаф пункттерінің саны (ГРПШ) – 5 дана. Бүгінгі таңда мердігер мекеме:

«Ремстрой» ЖШС-гі арқылы Қалжан ахун елді мекенінде газ құбырларын жүргізу жұмыстары атқарылуда. Сонымен қатар, Іңкәрдария елді мекеніне 1 дана су мұнарасын сатып алуға (25 м3), Шаған елді мекеніне 1 дана су мұнарасын сатып алуға (25 м3) және Тереңөзек кентіне 1 дана су мұнарасын сатып алуына (50 м3) 2023 жылға облыстық бюджеттен 19000,0 мың теңге қаржы бөлінген. Бүгінгі таңда, мердігер мекеме жеңімпазы «Техоснастка» ЖШС-гі мекемесі арқылы аталған елді мекендерге мұнараларды тапсыру жұмыстары атқарылуда.
 

Тағы да оқыңыз: