Kyzylorda-news.kz. Сырдария ауданында бірнеше жылдан бері мемлекеттік бағдарлама шеңберінде жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, Сырдария ауданы бойынша «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде 712,6 млн теңге бөлінген еді. Аталған жоба аясында Ақжарма елді мекенінде 5 көше, яғни 7,7 шақырым жол асфальтталған. Н.Ілиясов елді мекен көшелерін қайта жаңғырту жобасына республикалық бюджеттен 525,9 мл теңге бөлініп, 11 көшеге ұзындығы 2,6 км жарықтандыру жұмыстары жүргізілді. Сонымен бірге 3,6 км асфальт төсеніштері төселген және 92 - дана бағана орнатылған болатын.
«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасының тиімділігі барынша білінуде. Мәселен, Тереңөзек кентіндегі №210 Оспан Әбілпаттаев атындағы орта мектеп ғимаратының жылу қазандығын газ отынына қайта жабдықтау, «Айгөлек» балабақшасы ғимаратының бу қазандығын газ отыны етіп қайта жабдықтау, №2 «Балдаурен» балабақшасы ғимаратының бу қазандығын газ отыны етіп қайта жабдықтау, «Сырдария аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК аудандық ауруханасы қазандығының ғимаратын реконструкциялау, «Сырдария аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК 250 орынға арналған емхана ғимаратын газбен жабдықтау жұмыстарына 137,5 млн. теңге қаржы бөлінген. Қазіргі таңда аталған қаржы есебінен әлеуметтік нысандар толық аяқталып, пайдалануға берілген.
Биыл аталған жоба жалғасын тауып, 1812,4 млн.теңгеге 16 жоба жүзеге асыру жоспарланған. Оның ішінде, жолдарды орташа жөндеу – 11 жоба, әлеуметтік нысандарды ағымдағы жөндеу – 3 жоба, жаңадан салынатын құрылыстар – 2 жоба қарастырылған.
«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы негізінде ауданда бірнеше бағытта жұмыстар жасалуда. Ақжарма ауылында 5 көше жөнеделіп, халықтың игілігін көруде. Алдағы уақытта аудан көлемінде бағдарламаның ұтымды тұстарын пайдаланып, көше әлеуметтік нысан құрылысын жүргізу маңызды рөл ойнайды. Ауылдарымызды көркейту арқылы – еліміздің дамуына серпіліс жасаймыз, – дейді аудандық мәслихат депутаты Марат Бисенов.
