Kyzylorda-news.kz "AMANAT" партиясының Сырдария аудандық филиалында аудандық мәслихаттағы депутаттық фракция мен партиялық бақылау комиссиясының бірлескен отырысы өтті. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Сырдария аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Е.Ахетов 2024 жылдың І тоқсанында "AMANAT" партиясы сайлауалды бағдарламасының орындалуы туралы баяндама жасады.

– "AMANAT" партиясының 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын іске асырудың жол картасында Сырдария ауданына 2024 жылға барлығы 47 іс-шара белгіленген. Қазіргі таңда олардың барлығы орындалу үстінде және жыл қорытындысымен толық орындалуына жұмыстар жасалуда. Бағдарлама шеңберінде 2024 жылы 4 объект, атап айтқанда Бесарық ауылдық округінде спорт кешенін пайдалануға беру, №11 спорт мектебін ағымдағы жөндеуден өткізу, С.Сейфуллин және А.Тоқмағанбетов ауылдық округтерін газдандыру қажет – деді бөлім басшысы.

Сонымен қатар, жол картасы аясында орындалмау қаупі бар көрсеткіштерге тоқталып, бірлескен отырысқа қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Өз кезегінде "AMANAT" партиясының Сырдария аудандық филиалында жүзеге асқан  жиында халық қалаулыларына көкейдегі сауалдарын жолдады. Бағдарлама шеңберінде жасалған жұмыстарды саралап, қолға алынған жобаларды талқыланды.

Тағы да оқыңыз: