Kyzylorda-news.kz. Жақында аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиынға аудандық қоғамдық кеңес төрағасы М.Еспенбетов төрағалық етіп, күн тәртібінде бірқатар мәселе қаралған еді.
Кеңес отырысындағы алғашқы мәселе Тереңөзек кенті бойынша І тоқсанда атқарылған жұмыстарға басымдық берілді. Аталған мәселе жөнінде Тереңөзек кентінің әкімі Ержан Бахтияров есеп берді. Кент әкімі аудан орталығын көркейту-көгалдандыруға басымдық берілгенін жеткізді. Атап айтқанда, орталық Аманкелді Иманов көшесінде жасыл белдеу жұмыстары жүргізілуде. Аталған аумаққа тал көшеттері отырғызылып, шарбақтармен қоршалануда. Мұндай жұмыстар «Қызылорда-Жалағаш» автожолы бойындағы «Рассойл» жанар-жағармай бекеті мен «Кіші қалған» каналы аралығында да жүргізіліп жатыр. Оның ұзындығы 750 метрді құрайды және бүгінде жер тегістеліп, арық қазу жұмыс-тары аяқталған. Алдағы уақытта көшеттер отырғызылмақ. Одан бөлек кент көшелеріндегі электр желілеріне кедергі келтіріп тұрған ағаштарды бұтау, балақтау, сонымен қатар бұталған шыбықтардан тазарту жұмыстарын жүргізілуде. Атап айтқанда, Ә.Тәжібаев, А.Құнанбаев, Қ.Қазантаев, А.Иманов, Р.Алшынбаев, 1 мамыр, Қазақ, А.Әлиакбаров көшелеріндегі ағаштар 4 метр биіктіктен кесілген болатын.
Е.Бахтияров қазіргі таңда Тереңөзек кентіндегі «Майжарма» су арнасын абаттандыру, И.Тоқтыбаев көшесін орташа жөндеу, Айтбай арық көшесіне асфальт жабындысын төсеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді. Аудан орталығындағы атқарылып жатқан жұмыстарға қоғамдық кеңес мүшелері оң баға беріп, өз ұсыныстарын айтты.
Күн тәртібіндегі келесі мәселе егінге қажетті су мөлшеріне қатысты екеніне басымдық берейік. Осы мәселе негізінде «Сырдариясушар» өндірістік учаскесінің бөлім басшысы Бағлан Сағындықов баяндады. Ол биылғы егінге қажетті су мөлшеріне тоқталды. Негізі, 2023 жылғы индикативтік жоспар негізін¬де аудан бойынша жалпы егіс 25319 гектар болса, оның ішінде күріш 20035 гектарға егіледі деп межеленген. Егіс науқанының басталуына байланысты «Қазсушар» РМК Қызылорда филиалынан су алу көзіне (водозабор) 825,20 млн текше метр су лимиті бөлінген. Ал экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында 300,0 млн текше метр су лимиті қаралған. Осының аясында биылғы қаңтар, ақпан, наурыз және сәуір айларында көлдер мен шабындықтарға нақты 80,40 млн текше метр су көлемі жіберіліпті. Бұл мәселелер бойынша да кеңес мүшелері өздерінің ой-пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды.
Қоғамдық кеңес жұмысында кеңес жанындағы «Экономика, қаржы және жұмыспен қамту, кәсіпкерлік, инвестиция және инновациялық даму, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комитет» құрамына өзгеріс енгізілді. Осылайша, күн тәртібіндегі барлық мәселе талқыланып, аудандық қоғамдық кеңес мүшелері ұсыныстарын жеткізді.