Kyzylorda-news.kz  Сырдария ауданының әкімі Берік Сәрменбаевтың төрағалығымен кадрлық өзгерістерге байланысты актив отырысы өтіп, оған облыстық және аудандық мәслихат депутаттары, құқық қорғау органдарының өкілдері, бөлім және мекеме басшылары қатысты.

Аудандық сотының судьясы қызметін атқарып келген Ералиев Дәурен Еркінұлы Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 09 маусымдағы № 1312 Жарлығына сәйкес Астана қаласы азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы қызметіне тағайындалды.

Актив отырысында аудан басшысы Дәурен Еркінұлының ауданның құқықтық жүйесін нығайтуға қосқан үлесін ерекше атап өтті.

– Дәурен Еркінұлы 2022-2026 жылдар аралығында аудандық соттың судьясы қызметін абыроймен атқарып, заң үстемдігін қамтамасыз ету жолында кәсібилігі мен әділдігін көрсете білді. Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудағы табанды еңбегі арқылы тұрғындардың құрметіне ие болды. Оның қабылдаған әділ шешімдері қоғамдағы тұрақтылықтың сақталуына, құқықтық мәдениеттің қалыптасуына және ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына оң ықпалын тигізді. Сот жүйесіндегі жемісті қызметі үшін 2025 жылы «Үздік сот шешімі» марапатына ие болды. Жас мамандарға үлгі болып, кәсіби тәжірибесімен бөлісіп келеді. Сот саласында абыройлы қызмет атқарғаны үшін Дәурен Еркінұлына шынайы алғысымды білдіремін, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.

Жиын барысында құқықтық тәртіптің нығаюына үлес қосқан Д. Ералиев аудан әкімінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

актив отырысы 1.jpg

Шара соңында әріптестері Дәурен Еркінұлын жаңа қызметімен құттықтап, алдағы жұмысына толағай табыс, жауапты қызметінде биік жетістіктер тіледі.

Фото: Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі 

Тағы да оқыңыз: