Kyzylorda-news.kz.  «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалы Қоғамдық қабылдау бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес, облыстық мәслихат депутаты Балжан Шаменова Сырдария аудандық партия филиалының ғимаратында аудан тұрғындарына көшпелі қоғамдық қабылдау жүргізді. 

Қабылдау барысында тұрғындар тарапынан Тереңөзек кентіндегі жаңа шағын ауданға газ тарту, кенттегі А.Иманов көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйлердің ауласын абаттандыру, Тереңөзек кентіндегі 10 көшенің және Аманкелді ауылындағы бірқатар көшелердің ауыз су желісін жаңарту қажеттілігі айтылды. Сонымен қатар, Қалжан ахун ауылындағы №126 мектеп ғимаратына қосымша құрылыс жүргізу бойынша сұрақтар қойылды. 

Облыстық мәслихат депутаты Балжан Мөрәліқызы барлық сұрақтарды назарына алып, заң шеңберінде жауап берді. 
Қоғамдық қабылдаудан кейін тұрғындар мәселелері бойынша ауданда,ы кейбір нысандарды аралап, жұмысымен танысты.

Бірінші кезекте, газ тарту мәселесі бойынша Тереңөзек кентіндегі жаңа мөлтек ауданнан бастады. Бүгінгі күнге дейін жаңа мөлтек аумағына ауыз су, электр желісі жүйелері жүргізілген. 2022 жылы жаңа мөлтек аумағына көп балалы отбасыларға 36 тұрғын үй мемлекет қаржысы есебінен сатып алынып, пайдалануға берілген. Биылғы жылы қиыршық тасты жол құрылысы жұмыстарын жүргізу жоспарланып, басталуда. Сонымен қатар 80 тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жыл аяғына дейін пайдалануға берілуі жоспарлануда.

Сонан соң, Сырдария ауданына қарасты Қалжан ахун елді мекеніндегі №126 мектепке барып, мектепке қажетті қосымша ғимарат құрылысы жобасымен танысты. 

Айта кету керек, облыстық мәслихаттың өткен сессиясында осы мәселені облыстық мәслихат депутаты Жұмабек Ембергенов депутаттар арасында көтерген болатын. 200 оқушыға жоспарланған мектепке қосымша ғимараттың қажеттігі нақтыланды. 

Жоғарыда көтерілген мәселелер бойынша облыстық мәслихат депутаты Б.Шәменова ауданда нақты жұмыстар жүргізілетіндігін атап өтті.
 

7d52f4c5-1e72-4428-8f6e-e16ba4dd10c6.jpg

Тағы да оқыңыз: