Kyzylorda-news.kz  Қазіргі таңда жасөспірімдер арасындағы және оларға қарсы жасалған қылмыстар қоғамның өзекті мәселелерінің бірі болып отыр.

Сырдария ауданы бойынша жыл басынан кәмелетке толмағандарға қарсы және олармен жасалатын қылмыстар, алкоголь, есірткінің зияны, ата-ананың бала тәрбиесіндегі, жасөспірімдердің заң алдындағы жауапкершіліктері туралы 90-ға жуық дөңгелек үстел, сұхбат, кездесу өткізілді.

Атқарылған іс-шаралардың жүргізілуіне қарамастан жасөспірімдер арасында 1 қылмыс орын алды. Бұл жайында Сырдария ауданының полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушысы, полиция подполковнигі Әділхан Қанзадаев хабарлады.

– Орта мектеп оқушысымен жасалған бұзақылық қылмысының салдарнан 1 оқушы қаза болды. Кәмелетке толмағандар арасында профилактикалық жұмыстарды күшейту мақсатында ауданда жалпы білім беру мекемелерінде 2023-2024 оқу жылына Департамент бастығының 13.10.2023 жылғы №738 бұйрығымен мектептер мен колледждерге аймақтық ювеналды полиция бөліністерінің, криминалды полиция, учаскелік полиция инспекторлары бекітілді. Жыл басынан бері кәмелетке толмағандар мен жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында «Түнгі қаладағы балалар», «Абайлаңыз балалар», «Мен және менің полицейім», атты профилактикалық іс шаралар жүргізілді. Атқарылған жұмыстар нәтижесінде, қаңғыбастық пен кезбелікке салынған – 2 жасөспірім бейімдеу орталығына орналастырылса, 61 құқық бұзушылық анықталып, әкімшілік хаттама толтырылды, – деді Әділхан Қанзадаев.

Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің бірге жүруінсіз ойын-сауық мекемесінде болуына жол берген ҚР ӘҚБтК-нің 442 бабы 1 бөлігі 1 жасөспірімге және ата-ана немесе заңды өкілсіз ойын сауық мекемесінде жүрген ҚР ӘҚБтК-нің 132 бабы 1 бөлігімен баланың әкесіне әкімшілік хаттама рәсімделіп, айыппұл салынған. Сонымен қатар өз міндеттерін орындамаған 5 ата-анаға шара көру үшін құжаттар сотқа жолданған. ӘҚБтК 127-б. - 10 АЕК- 36 920 тг. немесе 20 АЕК- 73 840 тг. Ауданда түнгі уақытта сағат 23:00-ден кейін заңды өкілсіз тұрғын жайдан тыс  жүрген 53 жасөспірімнің ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оларға ҚР ӘҚБтК 442-бабымен ескерту жасалған. Сондай-ақ, белгіленбеген орында темекі бұйымын тұтынғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 441 бабы 1 мұғалімге әкімшілік шара көрілген. Алкоголь өнімін сату талаптарын сақтау (ӘҚБтК 200-бабы) жөнінде дүкен иелеріне түсіндірме жұмыстары жүргізілгенімен, заң талаптарын бұзған 3 дүкен иесіне қатысты жинақталған құжаттар сотта қаралып, айыппұл салынғанын айту керек.

– Талдау көрсеткендей, жасөспірімдермен қылмыс жасауға жиі әсер ететін факторлар: ата-ана тарапынан тиісті қадағалау мен бақылаудың жоқтығы, тәрбие жұмыстарының өз деңгейінде жүргізілмеуі, жасөспірімнің бос уақытының көп болуы, әлеуметтік желілердегі қоғамдық ортаға сыйламаушылық танытатын материалдарды көріп, соларға еліктеушілік танытуы ықпал етуде. Жасөспірімдермен жасалған қылмыстың барлығы сабақтан тыс уақытта болғандықтан, баланың бос уақытын тиімді ұйымдастыруды ұсынамын. Сондай-ақ, балалар бос уақыттарында интернет пен 
Тик-ток желілерінде зорлық-зомбылық, құмар ойындар, дөрекілік және ортаға ешқандай құрмет көрсетпейтін әртүрлі пранктер қарайтындығы белгілі. Аталған сілтемелерді біздің тарапымыздан қадағалау мүмкін емес. Осы себепті, ата-аналар балалардың әлеуметтік желілерде қандай парақшаларда отырғанын қадағалауы қажет, – деді Әділхан Серікқазыұлы.

Иә, полицияның басты міндеті – тек жазалау ғана емес, қылмыстың алдын алу, болдырмау. Сол себепті анықталған немесе белгілі болған құқық бұзушылықтарды (ұрып соғу, бопсалау, әлімжеттік, топтық төбелестер) дереу ішкі істер органдарына хабарлау керек.

Фото: Нұрболат Нұржаубай

Тағы да оқыңыз: