Kyzylorda-news.kz. Мемлекет болашағы балаларға берілген сапалы біліммен байланысты екені даусыз. Қазіргі уақытта облыс орталығына жақын орналасқан Сырдария ауданында 53 білім беру ұйымы жұмыс істесе, оның ішінде жаратылыстану-математикалық бағытта 5 инновациялық мектеп-лицей балаларға білім нәрімен сусындатуда. Сонымен қатар аудан көлемінде аз қамтылған отбасылардың, 1-4 сыныптың оқушыларына бір мезгіл ыстық тамақ беріледі.

Сырдария ауданында 110 төсектік аурухана, ауысымына 250 адам қабылдайтын емхана, 10 дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшерлік-акушерлік және бір медициналық бекет халыққа қызмет көрсететіні сөзсіз. Осы жылы облыстық бюджеттен 182 млн теңгеден астам қаржы бөлініп, Іңкәрдария, Асқар Тоқмағамбетов пен Қалжан ахун ауылындағы фельдшерлік-акушерлік бекет күрделі жөндеуден өтуде. Сонымен қатар, республикалық бюджеттен 405 млн теңгеге Нағи Ілиясов  ауылында амбулатория құрылысы жүргізілетіні мәлім.

Сырдарияда кейінгі жылдары спортты дамытуға ерекше көңіл бөлініп келеді. 134 спорттық нысан, 541 секция жұмыс істеп, халықтың 38 пайызы жүйелі түрде спортпен айналысаты анық. Өңірдегі спорт инфрақұрылымын дамыту бойынша Тереңөзек кентіндегі спорт клубы күрделі жөндеуден өтіп жатқандығын бұған дейінде жазған болатынбз. Бұған облыстық қазынадан 88 млн теңге қаралған. Ал көпшілікке белгілі Бесарық ауылындағы спорт кешенінің құрылысы қыркүйек айында аяқталмақ. Сондай-ақ спорттан бөлек, ауданның мәдениет саласында тиісті шаралар атқарылып келеді. Жалпы ауданда халыққа қызмет көрсететін 16 клуб, 17 кітапхана және 1 мәдени-демалыс кешені мен автоклуб бар.

– Сырдария ауданында  мәдениет пен спорт саласы бір құрылымға біріктіліп, жұмыс жасауда. Халық қалаулысыф ретінде қос саланың дамуына ерекше көңіл бөліп келемін. Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде өнер және мәдениет орталықтары ашылып, балалар тегін үйірмемен қамтылуда. Мәселен, «Сұлу-ай» шығармашылық өнер орталығында 26 үйірме, «Аслан» спорт орталығында 5 үйірме  балаларға дәріс беруде. Бұл ретте,  үйірме бөлмелерін материалдық базамен жасақталды. Сонымен қатар балаларды байқау мен жарыстарға жіберу мақсатында қолдау іс-шаралары жүргізіледі. Негізінен, мәдениет саласын көтеруге  мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп келеді. Халық қалаулысы ретінде аудандағы білім, мәдениет, медицина саласы мамандарына ерекше қолдау көрсету керектігін жеткіземін, – дейді аудандық мәслихат депутаты Анар Қалдыбаева.

 

 

 

Тағы да оқыңыз: