Kyzylorda-news.kz. Сырдария  ауданында жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағытында бірқатар  жұмыстар  атқарылды. Өткен жылдың қорытысындысы бойынша 2856 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркелді. Оның  ішінде жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2765 болып, тіркелгендерге үлесі 96,9 пайызды құрады.

Ауданда шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылғандар саны 5091 адамды құрап, 2022 жылы – 4911 адам, 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 103,6 пайызды құрады. Оның ішінде заңды тұлғаларда – 875 адам, жеке кәсіпкерлікте –1786 адам, шаруа қожалықтарда – 2430 адам.

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен 16,5 млрд.теңгенің өнімі шығарылды, 2022 жылы – 11,2 млрд.теңге, яғни 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 147,3 пайызды құрады.

Облыстық көрсеткіштегі аудандар арасында жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлердің үлесі бойынша Сырдария ауданы 4 орында тұр. Бірінші Жаңақорған – 106,4 пайыз, екінші Шиелі – 104,8 пайыз, үшінші Жалағаш – 98,1 пайыз.

Жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлердің үлесін көтеру мақсатында талдау жұмыстары жүрігізілген. Талдау нәтижесімен статистика органдарында жұмыс жасамай тұрған 86 кәсіпкерлік субьектілерінің тізімі жасалған.

Осыған орай бірінші кезекте аудан көрсеткіші 96,9 пайыздан төмен Қалжан ахун, Н.Ілиясов, Іңкәрдария, Бесарық, Жетікөл, ауылдары статистика органдарымен есептесіп, жұмыстарын жүргізу қажет.

Жалпы 2023 жылы Сырдария ауданында мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар аясында құны 4,9 млрд. теңгені құрайтын 454 жобаға қаржылай қолдау көрсетілді. Оның ішінде, құны 2,3 млрд. теңгенің 237 жобасы несие болса, құны 203,5 млн. теңгенің 145 жобасы грант қаражаты.

Бағдарламаларға келетін болсақ, «Микробизнес-Қызылорда» бағдарламасы аясында құны 159,5 млн. теңгенің 17 жобасы кеңестің оң шешімін алып, қаржыландырылды.

«Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы бойынша құны 568 млн.теңгенің 23 жобасы екінші деңгейлі банкттер тарапынан субсидияланса, құны 359 млн.теңгенің 12 жобасы ішінара кепілдендірілген.

Осы бағдарламаның 5 млн. теңгеге дейінгі қайтарымсыз грант конкурсына қатысып, Н.Ілиясов ауылынан құны 5 млн. теңгенің 1 жобасы жеңімпаз атанды. «Бахила өндіру» жобасы.

Сонымен қатар, «Ұлттық жоба» щеңберінде жаңа  бизнес  идеяларды іске асыру мақсатында 1 380 000 теңгеден 144 адамға 198,4 млн.теңге көлемінде мемлекеттік қайтарымсыз грант берілді.

«ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның Қызылорда филиалы арқылы құны 2436 млн. теңгеге 71 ауылшаруашылық техникалары мен құрал-жабдықтары алынды.

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ы арқылы құны 606,2 млн.теңгенің 72 жобасы қаржыландырылды.

Сондай-ақ, «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында құны 3 млрд.теңгені құрайтын 489 жобаның құжаттары жинақталды.

Осы бағдарлама бойынша кент және ауыл округтерден барлығы – 1460,4 млн. теңгеге 193 жоба, оның ішінде 322 млн. теңгеге 13  АӨК-нің жобалары  «Байқоныр» ӘКК АҚ-на ұсынылды.

Қазіргі таңда «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша несие комитетінің шешіміне сәйкесқұны 234,7 млн теңгенің 23 жобасы қаржыландырылды.

Биылғы жылы ауданымызға құны 428,7 млн. теңгенің қаражаты қарастырылуда. Қазіргі уақытта кент және ауылдық округі әкімдерінен 2,6 млрд. теңгенің 445 жобасы жинақталуда.

2023 жылдағы несиелендіру бойынша төменгі көрсеткіш С.Сейфуллин ауылына тиесілі. Яғни ауылшаруашылық техникаларын алған жобаларды қоспағанда 2023 жылы С.Сейфуллин ауылында 3 жоба ғана несиелендірілген.

Сондай-ақ, айта кету керек несиелендіру бағытында жоғары көрсеткіштер көрсеткен Тереңөзек кенті 51 жоба, Бесарық ауылы 42 жоба, Ақжарма ауылы 24 жоба, Қоғалыкөл, Н.Ілиясов, Шіркейлі ауылдары 19 жоба және Шаған ауылы 16 жобадан қаржыландырылған. Қалған ауылдар орта деңгейде. Іңкәрдария – 8 жоба, Жетікөл – 5 жоба, Қалжан ахун – 5 жоба, Аманкелді  – 9 жоба, А.Тоқмағанбетов – 6 жоба, Айдарлы – 11 жоба.

Аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі 2024 жылы несиелендірілуге ұсынылатын жобалардың тізімін жасақтап, кент және ауылдық округтердің ұсынысы бойынша құны 3780,2 млн. теңгені құрайтын 583 жобаның тізімі жасалды.

Осы жобалардың ішінде қаңтар айында «Өңірлік инвестициялық орталығы» арқылы «Іскер» бағдарламасына 72,5 млн.теңгенің 12 жоба ұсынылып, құны 27,5 млн. теңгенің 7 жобасы кеңестің оң шешімін алды.

Сонымен қатар, осы жылдың наурыз айында «Өңірлік инвестициялық орталығы» арқылы «Микробизнес-Қызылорда» бағдарламасына 70 млн. теңге қаражат біздің Сырдария ауданына қаралуда. Оның ішінде бір ескеретін жайт «Микробизнес-Қызылорда» бағдарламасы биылғы жылдан бастап мал шаруашылығы, жолаушылар, жүк тасымалдау және айналым қаражатын толықтыру бағытындағы жобаларды несиелендірмейді. Осыған орай өзге бағыттағы жобаларды ұсыну қажеттігі маңызды.

Сондай ақ, ағымдағы жылы 5 млн.теңгеге дейін бизнес идеяларға мемлекеттік гранттар беру құралына өзгерістер енгізілді. Мемлекеттік гранттар беру конкурсына әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізілген кәсіпкерлер мен «Бір ауыл – Бір өнім» бағдарламасының жеңімпаздары ғана қатыса алады.

Осы мүмкіндікті кент және ауылдық округі әкімдері тиімді пайдаланып, тиісті түсіндіру жұмыстарын бастады.

Бөлім басшысы Алмат Сәдуақасов:

– Жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік субьектілерінің үлесін көтеру мақсатында кент және ауылдық округтер мемлекеттік кірістер, статистика органдарымен тиісті жұмыстар жүргізіп, жыл қорытындысымен жұмыс жасап тұрғандардың үлесін 97,0 пайыздан төмен болмауын қамтамасыз ету қажет. Сонымен қатар Мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар арқылы  кент және ауылдық округтерде қаржы ұйымдарынан 2024 жылдың бірінші жарты жылдығымен кем дегенде 5 жобадан қаржыландарылуын қамтамасыз ету жоспарланған. Қаржылай қолдау алған жобаларды насихаттау және мемлекеттік бағдарламалардың талаптарын халыққа кеңінен түсіндіру мақсатында кент және ауылдық округтер БАҚ-да, өздерінің әлеуметтік желілерінде жариялау жұмыстарын жүргізуде, – деді. 

Тағы да оқыңыз: