Kyzylorda-news.kz.  Сырдария ауданында 3378 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі  тіркелген болса, оның ішінде жұмыс істеп тұрғаны – 3247, яғни, 96,1 пайызды құрап отыр. Жыл басынан бері осы салада мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар арқылы құны 1,2 млрд теңгені құрайтын 133 жобаға қаржылай қолдау көрсетілгені белгіді. Ал  36 адам қайтарымсыз грант ұтып, жаңа кәсіп бастау үстінде. Сонымен қатар «ҚазАгроҚаржы» АҚ Қызылорда филиалы арқылы 520,5 млн теңгеге 15 ауыл шаруашылық техникасы және құрал-жабдықтар алынғанын сала мамандары қуана айтты.

Айта кету керек, бағдарламалар қатарында «Микробизнес-Қызылорда», «Кең дала», «Агробизнес», «Іскер» және «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба»  тұрғындар игілігіне жарап тұр.

Ал жыл соңына дейін құны 1,9 млрд теңгені құрайтын 10 инвестициялық жобаны жүзеге асыру бойынша жұмыс басталды. Жеңілдетілген несие алу үшін 2,7 млрд теңге болатын 395 жобаның құжаттары қаржы ұйымдарының қарауына ұсынылған болатын.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес ауылдық жерлердегі халық табысын арттыру үшін «Ауыл аманаты» бағдарламасы іске қосылған еді. Аталған бағдарлама бойынша ақпараттандыру жұмыстары жүйелі жүргізіліп, құны 2,3 млрд теңгені құрайтын 346 жоба дайындалғаны бізге мәлім. 

– Сырдария ауданында жұмысыздық деңгейін азайту мақсатында жеке кәсіпкерлік айналысуға көпшілікті тарту жүргізілуде. Шын мәнінде, көпшілік мал шаруашылығына бейім екенін байқатуда. Қайтарымсыз грант алған жандардың көбісі мал шаруашылығы бғытында. Өз кезегінде жергілікті тұрғындарды инновациялық кәсіп түрлерін ашуға шақырамыз. Сұранысқа ие, аудхан көлемінде ашылмаған кәсіпті игеру – маңызды рөл ойнайды. Сондықтан бизнес жоспар жасаған уақытта кәсіпкерліктің тетіктерін жан-жақты саралау керек. Біздің ауданымыз аграрлық саланы дамытуға көңңіл бөледі. Өз кезегінде жастарды бизнеске тарту, кәсібін кеңеткісі келетін жандарға қолдау көрсету – күн тәртібінен түспейді.  Жалпы, аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің мамандары кәсіпкерлерге бағыт-бағдар көрсете бермек. Жақында аудандық жастар ресурстық орталығының мамандарымен бірлесіп, ауыл жастарына кәсіп ашуды, мемлекеттік бағдарлармалардың тиімділігі түсіндірме жұмыстарын жүргіздік, –  аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Алмат Сәдуақасов.

 

Тағы да оқыңыз: