Kyzylorda-news.kz. Халықты жұмыспен қамту, жұмыссыздықты азайту қашанда басым бағыттарға ие. Осы ретте Сырдария аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Мақсұт Қаратаев 2023 жылдың бірінші тоқсанында атқарылған жұмысы туралы әңгімелейді.
– 2023 жылғы 1 сәуірге жұмыспен қамту орталығына 1755 адам хабарласып, жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 1092 адам қамтылды, оның ішінде 110 адам тұрақты жұмысқа орналасты.
2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасымен «Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру» тетігі бойынша 144 адамды қамтуға 198720,0 мың теңге қаржы қаралып, 1 сәуірге 36 адам грант иегерлері атанды.
«Әлеуметтік жұмыс орындарына» 41адамды қамтуға бюджеттен 33948,0 мың теңге қаржы қаралған, аталған мерзімде 15 адам жолданды.
«Жастар тәжірибесіне» 443394,0 мың теңге қаралып 357 адамды қамту көзделген, 2023 жылғы 1 сәуірге 21 жас маман жастар тәжірибесінен өтуге жолдама алды.«Қоғамдық жұмыстарға» 670 адамды тарту үшін 554760,0 мың теңге қаралып, 687 адам қоғамдық жұмыстарға жолданды.
«Алғашқы жұмыс орындарына» 54 адамды қамтуға 60858,0 мың теңге қаралған, 2 адам жолданды.
«Ұрпақтар сабақтастығы» бойынша 1863,0 мың теңге қаралып 3 адамды қамту жоспарланып, 1 адам жолдама алды.
«Күміс жас» бойынша ұлттық қордан 19127,0 мың теңге қаралып, 22 адамды қамту жоспарланса, 22 адам қамтылды.
Қысқа мерзімді қайта даярлау курстарына 46 адамды оқыту көзделіп, 20712,0 мың теңге қаралған.
2022 жылы «Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздері курсына аудан бойынша 951 адам аяқтаған, 2023 жылғы 1 сәуірге 198 адам сертификат алды.2023 жылға жоспар бойынша 2142 жаңа жұмыс орындарын (тұрақты 800, уақытша 1342) құру жоспарланған. Есепті кезеңде 840 жаңа жұмыс орындары ашылды немесе жалпы жоспардың орындалуы 39,2% құрады. Оның ішінде: тұрақты – 91 (орындалуы 11,3%), уақытша 749 (орындалуы 55,8%).
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен әзірленген «Жұмыс орындарын құрудың интеграцияланған картасы» ақпараттық жүйесіне құрылып жатқан жаңа жұмыс орындары мамандықтар бойынша жүйеге сапалы түрде енгізілді, – дейді аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Мақсұт Қаратаев.
2022 жылы аудан бойынша отбасылық цифрлық картасындағы деректерді жаңартуда 735 отбасы анықталды. Осыған сәйкес барлық 735 отбасы зерттеліп, «Отбасының цифрлық картасы» АҚ толық 100% енгізілген.
2023 жылға 1 сәуірге Аудан бойынша отбасылық цифрлық картасына байланысты деректер нақтыланып толық енгізілген.
Бөлім басшысының мәлімдеуінше ауданда Ұлттық жоба аясында барлығы 19 жоба бекітілген. Олар аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолдаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі – 14 жоба, аудандық ауыл шаруашылығы жер қатынастары бөлімі – 2 жоба, аудандық мәдениет және спорт бөлімі – 1 жоба, аудандық орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесінде – 2 жоба.
Ұлттық жобаға белгіленген мердігерлер бойынша барлығы 58 жұмыс орны, оның ішінде – 7 тұрақты, 51 уақытша жұмыс орны ашылу жоспарланған.
Осыған сәйкес 2023 жылғы 1 сәуірге орындалуы барлығы 14 жұмыс орны ашылды, оның ішінде – 8 тұрақты, 6 уақытша.
Қалып тұрған 45 уақытша жұмыс орнын ашу бойынша мәлімет келесідегідей:
Аудандық орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі (Фитолесомелиоративтік Сырдария ауданындағы Арал теңізінің құрғатылған түбіндегі жұмыстар) жобасы бойынша 18 уақытша жұмыс орнын ашу ағымдағы жылдың қыркүйек айына жоспарлануда;
Аудандық мәдениет және спорт бөлімі («Сырдария» спорт клубын күрделі жөндеу) жобасы бойынша 4 уақытша жұмыс орнын ашу мемлекеттік сатып алу процесі жүргізіліп жатқандықтан күтілуде;
Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолдаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі (Газ құрылысы және жол жөндеу жұмыстары) жобалары бойынша 23 уақытша жұмыс орнын ашу ағымдағы жылдың мамыр айына жоспарлануда.
Халықты әлеуметтік қорғау саласы бойынша 2023 жылға атаулы әлеуметтік көмекке жергілікті бюджеттен 190865,0 мың теңге, республикалық бюджеттен 77024,0 мың теңге, бір жастан алты жасты қоса алғанға дейінгі әрбір балаға ай сайынғы қосымша төлемге республикалық бюджеттен 17084,0 мың теңге қаржы қаралған. 2023 жылдың 1 сәуіріне 135 отбасына (790 адам) 20072,6 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, 133 отбасына (780 адам) 13192,8 мың теңге төленген.
Бір жастан алты жасты қоса алғанға дейінгі 206 балаға 3099,8 мың теңге қосымша төлем тағайындалып, 204 балаға 2070,0 мың теңге төленген.
Атаулы әлеуметтік көмек алушылар арасынан еңбекке жарамды 237 адам, оның ішінде өтініш берген кезеңде жұмысы барлар 108 адамды құраса, жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 52 адам тартылды, оның ішінде 6 адам тұрақты жұмысқа, 41 адам қоғамдық жұмысқа жолданып, 5 адам қайтарымсыз грант алған.
Атаулы әлеуметтік көмек (шартты ақшалай көмек) алушылардың жұмыспен қамтылғандардың және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылғандардың үлес салмағы 70,9 пайызды құрады.
2023 жылдың 1 сәуіріне халықтың осал топтарына демеушілер мен еріктілер тарапынан 394 отбасына 5359,0 мың теңге қайырымдылық көмек көрсетілген.
– Тұрғын үй көмегін көрсету бойынша 2023 жылға 9000,0 мың теңге қаралып, 2023 жылдың 1 сәуіріне 36 отбасына (194 адам) 1047,4 мың теңге тағайындалып, төленді.
Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша 2023 жылға 35126,0 мың теңге қаралды.
Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу қызметіне 64 балаға 7167,0 мың теңге қаралды.
1996 жылғы 1 қаңтарға дейiн «Отан», «Даңқ» ордендерiмен наградталған, айырымның ең жоғары дәрежесi – «Халық Қаһарманы» атағына, республиканың құрметтi атақтарына ие болған азаматтарды әлеуметтік қолдау бойынша 2 адамға 152,0 мың теңге қаралып, 1 сәуірге 39,3 мың теңге (ай сайын 1,9 АЕК) әлеуметтік көмек төленді, – дейді Мақсұт Амануллаұлы.
Сонымен қатар Ұлы Отан соғысына қатысушы 1 ардагерге облыстық бюджеттен 1000,0 мың теңге, жергілікті бюджеттен 138,0 мың теңге қаралып, төленген.
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған 1 адамға облыстық бюджеттен 100,0 мың теңге, жергілікті бюджеттен 103,5 мың теңге қаралып, төленді.
1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген тыл ардагелеріне – облыстық бюджеттен 100,0 мың теңгеден барлығы 156 адамға 15600,0 мың теңге қаралды.
Ұлы Отан соғысына қатысушы мүгедектерінің екінші рет некеге тұрмаған зайыбына – облыстық бюджеттен 2 адамға 200,0 мың теңге қаралды.
Бұрынғы КСР Одағын қорғау кезінде жаралануы немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілер – 16 адамға 1656,0 мың теңге қаралды.
Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінің әскери қызметшілері – 11 адамға 1139,0 мың теңге қаралды.
Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер – 5 адамға 518,0 мың теңге қаралды.
1986 - 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тікелей қатысқан адамдар – 13 азаматқа 1346,0 мың теңге қаралды.
Семей радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тікелей қатысқан адамдар – 30 азаматқа 3105,0 мың теңге қаралды.
Сәуле ауруының салдарынан қайтыс болғандардың, сондай-ақ қайтыс болуы белгіленген тәртіппен Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың әсеріне байланысты болған азаматтардың отбасылары – 5 отбасына 87,0 мың теңге қаралды.
Саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен 2 адамға 21,0 мың теңге қаралды.
Өмірлік қиын жағдай табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен адамдарға (отбасыларға) – 2023 жылдың 1 сәуіріне 6 отбасына 3105,0 мың теңге тағайындалып, 2 отбасына 1035,0 мың теңге төленді.
Өмірлік қиын жағдай мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулезден емделудің сүйемелдеу сатысындағы азаматтарға қосымша тамақтануға 2023 жылға облыстық бюджеттен 12420,0 мың теңге қаралып, 2023 жылдың 1 сәуіріне 18 адамға 1449,0 мың теңге тағайындалып, 1345,5 мың теңгесі төленді.
Өмірлік қиын жағдай жетім балаларға, мүгедектігі бар балаларға т.б осы санатқа жақын балаларға өңірде сұранысқа ие мамандықтар бойынша күндізгі оқу нысанында жоғары оқу орны ұсынатын білім беру қызметтерінің құнын төлеу, сондай-ақ сондай-ақ тамақтануға және тұруға кететін шығындарды өтеу бойынша 2023 жылға 9131,0 мың теңге қаралды.
Оңалтудың жеке бағдарламасында санаторий - курорттық емделумен қамтамасыз етілетін бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға ілесіп жүрушілерге шығындарын өтеу бойынша облыстық бюджеттен 8 адамға 1104,0 мың теңге қаралды.
Өмірлік қиын жағдайдағы қатерлі ісік, оның ішінде жедел лимфоидты және миелоидты лейкоз ауруымен диспансерлік есепте тұрған 5 адамға 1574,0 мың теңге қаралып, 1 сәуірге 5 адамға 393,3 мың теңге төленді.
Ауданда мүгедектерді қолдау шараларына байланысты мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша жұмыстар өз жалғасын табуда.
Аудан бойынша жалпы мүгедектігі бар адамдар саны – 1190, оның ішінде I топ – 112, II топ – 324, III топ – 496, 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар – 258.
2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап жеке оңалту бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдардың техникалық оңалту құралдары мен қызмет түрлері Әлеуметтік қызметтер порталы жүйесі арқылы көрсетілуде.
Жеке оңалту бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарға берілетін техникалық оңалту құралдары мен қызмет түрлері Әлеуметтік қызметтер порталы жүйесі арқылы көрсетілуде.
2023 жылдың 1 сәуіріне 731 мүгедектігі бар адамдарға портал арқылы тапсырыс берілді. Оның ішінде ортопедиялық құралдарға–58, техникалық көмекші құралдарға - 490, санаторий-курорттық емделуге – 53 тапсырыс беріліп, жеке көмекшімен -119, ымдау маманымен 11 адам қамтылды. Аталған тапсырысты мүгедектігі бар адамдар электрондық цифрлық қолтаңба арқылы порталда өз таңдаулары бойынша жасады.
Аталған тапсырысты мүгедектігі бар адамдар электрондық цифрлық қолтаңба арқылы порталда өз таңдаулары бойынша жасады.
Есепті кезеңге мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасы бойынша қамтылуды қажет ететін өтінштер саны - 731, одан қамтылғандар саны- 598-ді құрап, айырмасындағы 133 өтініш орындалу сатысында тұр. 1 сәуірге жеке оңалту бағдарламасы 82,0 пайызға орындалды.
Мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге жергілікті бюджеттен 4944,0 мың теңге қаралып, 100 пайызға толық игерілді.
2023 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде қоғамдағы маңызды әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру барысында ардагерлердің іс-шараларын ұйымдастыруға 2300,0 мың теңге қаржы қаралды.
2023 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде қоғамдағы маңызды әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру барысында мүгедектігі бар адамдар арасында іс-шараларды ұйымдастыруға 2700,0 мың теңге қаралды. Бұл бойынша қазіргі таңда бюджеттік бағдарламасына өзгерту жұмыстары жүргізіліп жатқандықтан аудандық мәслихаттың сессиясында қаралуы күтілуде. Ары қарай мелекеттік сатып алу порталында жарияланатын болады.
«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарға кедергісіз ортаны қалыптастыру бағытында облыстық Басқармада жасалған бөлініс бойынша 2023 жылы білім, денсаулық, мәдениет және спорт саласындағы 32 обьектіге бейімдеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Бұл бағытта мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесінің 10.03.2023 жылы алғашқы отырысы өткізіліп, комиссия мүшелеріне хаттамалық тапсырманы мерзімінде орындау жөнінде аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының атынан 24.03.2023 жылы хат жолданып тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау бойынша әлеуметтік қызметтерді көрсетуге арналған «Инватакси» қызметіне облыстық бюджеттен 3392,0 мың теңге қаралды. Бұл бойынша мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізіліп нәтижесімен «Тұран-Шах Қызылорда» мүгедектер қоғамдық бірлестігімен 2998,8 мың теңгеге шарт жасалып, 2 инватаксимен қызмет көрсетілуде. 1 сәуірге 51 мүгедектігі бар адамдардан 76 тапсырыс қабылданып мерзімінде орындалды, игерілген қаржы 448,5 мың теңге.
Естуі бойынша мүгедектігі бар адамдарға ымдау тілі маманы қызметін ұсынуға республикалық және жергілікті бюджеттен барлығы 5056,0 мың теңге қаралған. Есепті кезең 1 сәуірге ымдау тілінің 1 маманы 11 мүгедектігі бар адамдарға қызмет ұсынып 1194,4 мың теңге игерілді.
Жеке оңалту бағдарламасы бойынша жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтерін ұсынуға жергілікті бюджеттен 107 мүгедекке 124049,0 мың теңге қаралды. 1 сәуірге 106 жеке көмекшіге 29064,9 мың теңге игерілді.
Сырдария ауданы әкімдігінің 2022 жылдың 2 желтоқсанында «2023 жылға мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» №323 қаулысымен 10 жұмыс орнына квота бекітілді.
«2023 жылға жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» Сырдария ауданы әкімдігінің қаулысына сәйкес ағымдағы жылға 4 жұмыс орнына квота белгіленіп, есепті кезеңде 2 квота орындалды.
2023 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандарды және пробация қызметінде есепте тұратындарды қайта әлеуметтендіру, қайта оңалту орталығының жұмысын ұйымдастыру мақсатында әлеуметтік жобаға 1500,0 мың теңге қаржы қаралды.
Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы №518-ІV Кодексі және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 28 ақпандағы №99 Бұйрығымен бекітілген «Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді, азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер енгізуді, қалпына келтіруді, жоюды ұйымдастыру туралы» Ереженің талаптарын басшылыққа ала отырып, 2023 жылдың І тоқсаны бойынша ХҚКО арқылы, электронды түрде немесе тікелей бөлімге 151 өтініш келіп түсіп, осының аясында төмендегіше жұмыстар атқарылды.
Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу – 124;
Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу – 24, шетел азаматтарымен тіркелген жоқ;
Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу ЭҮП арқылы бірлескен өтініш - 1; Қайтыс болуды тіркеу – 2.
2023 жылдың І тоқсаны бойынша өтінішпен жүгінген жеке тұлғалардан 195 750,00 теңге баж алымы өндірілді.
Жұмыссыздық және халықты әлеуметтік қорғау салалары бойынша жоспарлар толығымен орындалатын болады.
