Kyzylorda-news.kz. Сырдария аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің сала мамандары брифинг өткізіп, әрбір тоқсан сайын атқарылып жатқан жұмысты саралады. Бұл жолы да сала мамандары өрт және басқа да төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берген болатын.

Аудандық мекемелер үйінде орналасқан баспасөз орталығында жүзеге асқан брифингте аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің инженері Е.Оспан және Сырдария орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің қызметкері Т.Сатбаев өрт қауіпсіздігіне байланысты межеленген жұмыстарды баяндады. Жалпы, жылдың кез келген маусымында өрт қауіпсіздігін болдырмау сала мамандарының тікелей міндеті саналатыны сөзсіз. Жоспарға сәйкес, аудан тұрғындарына өрт қауіпсіздігі жөнінде молмағлұмат беріліп отырады. Табиғаттың тосын әрекетіне жанжақты дайын болу үшін бөлім тарапынан тиісті іс-шаралар жүргізіліп келеді.

Шын мәнінде, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметтік бағыты сан тарапқа бө¬лінеді. Оның ішінде, тілсіз жаумен күресуді алдыңғы орынға қоямыз. Жергілікті халыққа орасан шығын әкелмес үшін өрттің шығуына жол бермеуіміз керек. Сала мамандары жергілікті тұрғындарға жадыма таратып, сақтық іс-шарасын қатаң ұстануды ескертеді. Өз кезегінде орман және тоғай өртінен көпшілік зардап шекпеуі мақсатында Сырдария орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің мамандарымен бірлесіп жұмыс жасап келеміз, – деді аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің инженері Е.Оспан.

Айта кетейік, 2023 жылдың 3 айында аудан бойынша 7 өрт оқиғасы тіркелген. Ауа-райының қолайсыздығы салдарынан өрт оқиғаларпы жиілеп, тұрғындардың орасан шығынға батыруда. Сала мамандары дер кезінде шара қабылдап, тиісті жұмысты жүргізуде.Тілсіз жаудың алдын алу іс-шаралары қабылданады.  
 

Тағы да оқыңыз: