Kyzylorda-news.kz Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен Сырдария ауданы Отбасын қолдау орталығының әлеуметтік қызметкерлеріне арналған 40 сағаттық біліктілікті арттыру курсы өтті.

«Әлеуметтік жұмыстың заманауи бағыттары» атты курс әлеуметтік сала мамандарының кәсіби білімін жетілдіруге, заманауи әлеуметтік жұмыс әдістерін меңгеруге бағытталды. Оқу бағдарламасы аясында әлеуметтік қызмет көрсету стандарттары, кәсіби этика, әлеуметтік теңсіздік пен кедейлік мәселелері, әлеуметтік қауіпсіздік, сондай-ақ отбасылармен және қарттармен жұмыс жүргізудің ерекшеліктері қарастырылды.

Қорқыт университеті біліктілікті арттыру курсы 3.jpeg

Сонымен қатар тұрмыстық және отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу, әлеуметтік жұмыстың гендерлік аспектілері, әлеуметтік салада жасанды интеллектіні қолдану, супервизия және мамандарға кәсіби қолдау көрсету мәселелеріне назар аударылды.

Курстың тәжірибелік бөлімінде қатысушылар «№1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне барып, онда тұратын қарияларға арналған сабақтар өткізді. Сондай-ақ Талсуат ауылында орналасқан Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету балалар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне барып, теориялық білімді тәжірибемен ұштастырды.

Қорқыт университеті біліктілікті арттыру курсы.jpeg

Тағы да оқыңыз: