Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы аумағына Сырдария өзені арқылы секундына 400 текше метр көлемінде су түсуде. Мұздақтардың қалыңдығы 10-15 сантиметрден аспайды.
«Сеңнің қауіпсіз жүруін қадағалау мақсатында жауапты салалармен арнайы жұмыстар жүргізіліп, жағдай толық бақылауға алынған. Сондай-ақ, тиісті сала мамандарымен («Қазгидромет» және «Қазсушар» РМК Қызылорда филиалдары) Сырдария өзені арнасындағы 10 су бекеттері мен 4 су тораптарында су деңгейіне күнделікті мониторинг жүргізілуде», - делінген қала әкімдігінің таратқан хабарламасында.
