Kyzylorda-news.kz. «Майжарма» каналын абаттандыру бойынша Сырдария ауданы әкімдігі тарапынан  жоба-сметалық құжаттар әзірлеп, бюджетке¬ қаржыландыру үшін ұсынылған болатын. Сол жұмыс өткен аптада басталып, мердігер мекеме мамандары іске кірісті.

Аудан әкімінің міндетін атқарушы Б.Сәрмен¬баев¬тың айтуынша, әзірге «Майжарма» каналының 412 метрін абаттандыру жұмыстары жүргізілмек. Қалған бөлігін абаттандыру алдағы уақытта бюджеттің мүм¬кіндігіне қарай атқарылады.

Тереңөзек кенті ауданның негізгі орталығы болғаннан кейін кенттің абаттанып, заман талабына сай гүлденгені бәріміз үшін маңызды. Осы бағытта былтыр көп жұмыстар атқарылды. Сол жұ¬мыс¬тар биыл да жалғасады. Тұрғындардың және ау¬дандық мәслихаттың бірқатар депутаттарының, жур-налистердің ұсынысына сәйкес «Майжарма» каналын абаттандыруға жергілікті бюджеттен 155714,6 мың қаржы бөлінді. Мердігер мекеме ретінде «Град Строй Сервис» мекемесінің қызметкерлері абаттан¬¬дыру жұмыстарына белсене кірісті. Мемлекет қар¬жысы есебінен қолға алынған жұмыстардың сапасы қатаң бақылауымызда болады, – дейді Берік Әбдіғаппарұлы.

Айта кету керек, бұл мәселе көтерілген тұста аудан әкімі Мұрат Ергешбаев, кент әкімі Нұржан Бисембаев еді. Ал жобаны жүзеге асыру мақсатындағы нақты жұмыстарды Тереңөзек кентінің қазіргі әкімі Ержан Бахтияров жүргізуде. Кент әкімінің пікірінше, «Майжарма» каналын абаттандырып, демалыс аймағына айналдыру аудан орталығының сәулетті келбетінің жақсаруына оң әсер етеді.

Жұмыс басталғанда кент ардагерлерімен бірге мердігер мекеме өкілдерімен кездестік. Өзіміз де жұмыс кестемізге сәйкес абаттандыру жұмыстарын бақылауымызда ұстап отырмыз. Бұл жобаны жүзеге асыруды тұрғындар бірнеше жылдан бері айтып, мәселе ретінде көтеріп келді. Осыған орай аудан әкімінің, аудандық мәслихат депутаттарының қолдауымен қаржы бөлініп, іс басталды. Енді сол іс сапалы әрі уақытылы аяқталса деген тілегіміз бар, – дейді Ержан Бахтиярұлы.

Негізі «Әйтек» және «Майжарма» каналы – Тереңөзек кентінің бағы мен құты. Аудан орталығының аяқ су мәселесін шешуде қос каналдың алатын орны ерекше. Осы ретте «Майжарма» каналының бір бөлігінің абаттандырылуы тұрғындар үшін қуанышты жаңалық екенін айтып өту қажет.

 

Тағы да оқыңыз: