Kyzylorda-news.kz   Сырдария ауданы бойынша жетім және ата анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың жағдайы туралы аудандық білім бөлімінің әдіскері Гүлжанат Қасымова айтып берді.

Қазіргі таңда Сырдария аудандық білім бөлімінің жанындағы қорғаншылық және қамқоршылық функцияларын атқарушы органында                      1 сектор меңгеруші, 2 әдіскер  жұмыс жасайды.

Аудандағы 12 орта мектеп және 5 мектеп-лицейде жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын қорғау жұмыстарымен айналысатын әлеуметтік педагогтар бар. Әлеуметтік педагогтар аудандық білім бөліміне тұл жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жөнінде жылына кемінде 2 рет тұрмыстық жағдайын зерттеу актісін, баланың үлгерімі, тәртібі, ақшаның мақсатты жұмсалуы туралы есеп беріп отырады.

Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 28 баланың 13 қамқоршы, 13 қорғаншы, 8-і қыз бала, 18-і ер бала, 2-і патронаттық (2 қыз бала)тәрбиедегі бала.

Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың мектепте оқитыны – 18 бала, 3 бала – АОБ (арнаулы орта білім), 2- бала балабақшада, 4 бала  денсаулығына байланысты Қызылорда қаласындағы №7 мектеп-интернатта оқытылады, 1 бала үйде тәрбиеленуде. Аудан бойынша 28 (17 жетім, 11 ААҚҚ) жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала 22 тәрбиешінің тәрбиесінде тәрбиеленуде. Патронат, қорғаншы (қамқоршы) тәбиешілер тәрбиесіндегі 28 баланың (мектеп жасындағы 18 бала) үйірмемен және жалпыға бірдей міндетті оқу қорынан бөлінген қаржыдан кітаппен, бір жолғы қаржымен, ыстық тамақпен 1-ші кезекте қамтылды.

Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 28 баланың 10-ы тұрғын үй кезегіне қойылған, 7 баланың тұрғын үйде үлесі бар, 7 баланың жалданбалы негізде тұрғын үйлері бар. 4 бала тұрғыр үй кезегіне қою жұмыстары жүргізілуде.(жаңадан тағайындалған)

Білім бөлімінің жоспары бойынша 2024 жылдың 29-31 қаңтар аралығында аудандағы қорғаншылық, қамқоршылық, тәрбиеде тәрбиеленетін отбасыларына барып, балалардың құқықтары мен мүдделерінің қорғалуына зерделеу жүргізілді. Қазіргі уақытта балалардың құқықтарының бұзылуы, зорлық-зомбылыққа ұшырауы туралы келеңсіз оқиғалар анықталған жоқ.

Тұл жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың ішінде бұзақылықпен есепте тұрған бала жоқ.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыз №383 қаулысымен бекітілген «Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы тағайындау қағидалары және оны төлеу мөлшері туралы» ережесіне сәйкес, 28 балаға күтіп-бағу жәрдемақысы төленіп келеді (10 айлық есептік көрсеткіш ай сайын 36920 теңге көлемінде).

Тағы да оқыңыз: