Kyzylorda-news.kz «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» аумақтық коалициясының мүшелері Жетікөл ауылының тұрғындарымен кездесті.

Конституция жобасының басты мақсаты – Әділетті Қазақстан құру, заң үстемдігін нығайту және мемлекет пен қоғам арасындағы жауапкершілік теңгерімін күшейту екені атап өтілді. Құжатта азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін күшейтуге, мемлекеттік органдардың ашықтығы мен есептілігін арттыруға басымдық берілгені айтылды. 

– Жаңа Конституция жобасы ауылдық аумақтарды дамыту арқылы тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға, инфрақұрылымды жаңартуға және әлеуметтік-экономикалық қолжетімділікті арттыруға бағытталған. Аграрлық саясат ауыл шаруашылығын қолдау мен жергілікті өндірісті нығайтуды қамтиды. Табиғи ресурстар жауапкершілікпен әрі тиімді пайдаланылуы тиіс. Ауыл тұрғындарының қоғамдық шешім қабылдау үдерісіне қатысу мүмкіндігін кеңейту – басты басымдықтардың бірі, - деді аумақтық коалиция мүшесі Гүлбану Смайлова.

Ауыл тұрғындары жаңа Конституция елдің ұзақ мерзімді дамуына берік құқықтық негіз қалыптастырып, тұрақтылық пен қоғамдық келісімді нығайтуға қызмет ететініне сенім білдірді. Тұрғындар алдағы референдум ел болашағына қатысты маңызды тарихи шешім екенін атап өтіп, азаматтық белсенділік танытуға дайын екендіктерін жеткізді.

Сырдария прогрессивті Конституция 2.jpg

Тағы да оқыңыз: