Kyzylorda-news.kz Қызылорда облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Ерсұлтан Амантайұлы Сырдария ауданының егіс алқаптарын аралап көрген болатын.

Жақында облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Е.Әпетов, «Қазсушар» РМК Қызылорда филиалы, Қызылорда облысы бойынша жер ресурстарының қорғалуын бақылау департаменті және аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары мамандарынан құрылған жұмыс тобымен ауыспалы егіс жүйелерінде дақылдарды кезектестіру схемасының (ротация) сақталуына зерделеу жұмыстары жүргізілді.

Жұмыс тобы Асқар Тоқмағамбетов, Сәкен Сейфуллин, Қалжан ахун, Нағи Ілиясов ауылдық округтеріне барып, ауыл шаруашылығы құрылымдарына кезектестіру схемасын (ротация) қатаң сақтау және ауыспалы егістіктерді мақсатты пайдалану туралы толық түсіндірме жүргізілді.

– Бүгін Сырдария ауданы бойынша ауыл шаруашылығы саласында атқарылған жұмыстар ауқымды. Егістік даласында еңбек адамдарымен кездесіп, алдағы мақсат-міндеттерді саралай білдік. Алдағы уақытта сала мамандары тиіс тапсырмалар жұмыстар жүргізетін болады. Жерді мақсатты пайдалу мақсатында бірнеше бағытта жұмыстар жүргіземіз, –  деді Ерсұлтан Амантайұлы.

 

Тағы да оқыңыз: