Kyzylorda-news.kz  Мемлекет тарапынан агроөнеркәсіп кешеніне көрсетіліп жатырған қолдаудың нәтижесінде Сырдария ауданының ауыл шаруашылығы саласы тұрақты даму үрдісіне ие болып отыр. Бұл жайында Сырдария аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Қанат Нұрсейіт айтып берді.

Агроөнеркәсіп кешені мен жер қатынастары саласында барлығы 15 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары саласы аясындағы мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістері оңтайландырылып және белгілі бір автоматтандыру бағытына көшіп, Е-лицензия жүйесі арқылы электронды түрде қабылдануы басты назарда және электронды түрде көрсетілуде.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығына сәйкес, жергілікті атқарушы органдар көрсететін 15 мемлекеттік қызметтің 13-ы электрондық форматқа көшті.

ҚР «Мемлекеттік қызмет көрсету» Заңына сәйкес 2023 жылдың қорытындысы бойынша бөлім тарапынан 922 астам мемлекеттік қызметтер көрсетілген болса, 2024 жылдың 5 айында 372 қызмет көрсетілді. Мысалы: Е-лицензия арқылы «Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекiту» бойынша – 133 өтініш өнделсе, «Iздестіру жұмыстарын жүргізу үшiн жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру»  бойынша 10 өтініш электронды нұсқада өнделіп, мемлекеттік қызмет көрсетілген.

Қазіргі таңда ауданның жер қоры 4 260 635 гектарды құрап отыр, оның ішінде ауданның негізгі әкімшілік аумағының көлемі – 2 904 533 гектар болса, 1 356 102 гектарын Ұлытау облысы, Ұлытау ауданынан ұзақ мерзімді пайдалануға алынған жер құрайды.

Аудан бойынша жер учаскелерін ауыл шаруашылығы мақсатында айналымына енгізу жұмыстары бойынша 2024 жылы жалпы көлемі – 7600,77 гектар болатын 14 жайылымдық жер учаскесі шалғайдағы маусымдық жайылымдар мал шаруашылығы үшін 5 жыл мерзімге уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығымен азаматтарға табысталып, ауданның босалқы жерлері санатынан ауыл шаруашылығы айналымына енгізілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша бөліммен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының жоспары бекітілген. Жоспарға сәйкес сыбайлас жемқорлық санатындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында құқықтық оқытулар өткізіліп, бөлім қызметкерлері арасында қызмет барысында және қызметтен тыс кезде сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмау мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасында белгіленген нормалар мен талаптар жазбаша түрде таныстырылды. 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығына және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2023 жылғы 16 қаңтардағы №21 бұйрығымен бекітілген (өзгерістер енгізу туралы)

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізілген талдау нәтижесінде бөлімнің қызметінде қолданылатын нормативтік-құқықтық актілерде және ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудыратын олқылықтар анықталып, сәйкестіктерді жою бойынша ұсыныс енгізілді.
Енгізілген ұсыныс бойынша екеуі орындалып, қателіктер қалпына келтірілсе, бір нормативтік құжат аудандық қоғамдық кеңеспен келісу үстінде. 

Бұған қоса, 2024 жылдың маусым айында бөлімде бір мемлекеттік қызметкері ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облысы бойынша филиалынан «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс» тақырыбы бойынша біліктілігін арттыру семинарының бағдарламасын 40 академиялық сағат көлемінде аяқтап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жолында өз білімін шыңдады. 2024 жылдың маусым айында бір мемлекеттік қызметші «Кәсіби әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық» тақырыбындағы семинарға қатысып, Академия филиалында өз біліктілігін арттырды.  

Алдағы уақытта белгіленген мақсат-міндеттерді орындауға бар күш-жігерімізді жұмылдырамыз. Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары саласы аясындағы жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстарды пәрменді түрде жалғасатын болады.

Тағы да оқыңыз: