Kyzylorda-news.kz. Сыбайлас жемқорлық – қазіргі қоғамның көкейкесті мәселелерінің бірі. Онымен әлемнің барлық мемлекеті күресуде. Қазіргі уақытта сыбайлас жем-қорлық мемлекеттік қана емес, жаһандық мәселе деп танылуда. Бүгінгі күннің басты мәселесінің бірі – сыбайлас жемқорлықты болдырмау, алдын алу, жолын кесу және онымен дәйекті түрде күресу.
Осы мақсатта аудан көлемінде де түрлі іс шаралар ұйымдастырылуда. Жаз мезгілінің алғашқы күні Сырдария аудандық жастар ресурстық орталығының мамандары тұрғындармен түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Мамандар аудан тұрғындарымен тығыз байланыс орнатаотырып, түсіндірме жұмыстарын белсенді атқарды. Осы ретте сыбайлас жемқорлықты болдырмау тақырыбына кеңінен тоқталып, үнпарақтар таратты.
Түсіндірме жұмыстарына Сырдария аудандық жастар ресурстық орталығының кеңесшісі Н.Сейтжан қатысты. Жас маман өз кезегінде аудан тұрғындарына сыбайлас жемқорлық жағдайын болдырмау, ондай жағдайға тап болғанда не істеу керек екенін, қандай сенім телефондарына хабарласу керектігін айтып өтті. Сондай-ақ жемқорлық оқиғасына араласқан тұлғаға қандай жазалар қолданылатынына да тоқталды.
Осы мақсаттағы іс шаралар бұған дейін де тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Мамандар түрлі форматтағы іс шараларды ұтымды ұйымдастырып, түсіндірме жұмыстарын жүргізіп келеді. Айта кетейік, өткен айда барлығы 500 дана үнпарақ тұрғындарға тар