Kyzylorda-news.kz. Биыл аудан орталығы Тереңөзек кентінде атқарылатын жұмыстардың көлемі ауқымды және міндеттері де аз емес. Бірінші кезектегі міндет тұрғындардың ұсыныстары мен атқарылып жатқан жұмыстардың сапалы орындалуы. Сондықтан жыл басынан бастап ауданда көшелерді жөндеу, жол, ауыз су, газдандыру, электр жарығымен қамтамасыз етуге байланысты бірқатар жұмыстар бастау алды. Оның ішінде жол жөндеу жұмыстары ауданда қарқын ала бастады.
Қазір ауданда атқарылып жатқан жұмыстардың барлығын аудан басшысы тікелей бақылауға алған. Соған байланысты жол жөндеу жұмыстарының барысымен арнайы танысып, жұмыстардың сапалы жүзеге асуына қадағалау жасап жүр. Бүгінде аудан орталығындағы Айтбай арық көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Көше жолына асфальт жабындысы төселуде. Бұл жұмыстарды мердігер мекеме «Әлем қызмет group» ЖШС атқаруда. Мердігер компания өкілімен кездескен аудан әкімі Б.Сәрменбаев жөндеу жұмыстарының уақытылы және сапалы орындалуын ескертті. Мұнан соң аудан басшысы Тереңөзек кентіндегі Иса Тоқтыбаев көшесі бойындағы орташа жөндеу жұмыстарының барысын көрді. Көшедегі жаяу жол жөндеу жұмыстары жіті бақылауда Елімізде инфрақұрылымдық жұмыстарға ерекше мән беріледі. Өйткені халықтың әл-ауқатының жақсаруы, қолайлы жағдайдың болуы тікелей осыған қатысты. Сондықтан жыл басынан бастап ауданда көшелерді жөндеу, жол, ауыз су, газдандыру, электр жарығымен қамтамасыз етуге байланысты бірқатар жұмыстар бастау алды. Оның ішінде жол жөндеу жұмыстары ауданда қарқын ала бастады. Жалпы талапкерлерге биыл да ұлттық бірыңғай тестті бес рет тапсыру мүмкіндігі берілуде. Оның үшеуі ақылы негізде оқуға түсу үшін болса, екеуі грантпен оқуға түсуге тапсырылады. Осы уақытқа дейін оқушылар екі рет ақылы негізге оқуға талаптанды, алда негізгі тест сынағы тұр. Мамыр-маусым айында мектеп бітірушілер бақ сынап, ең жоғарғы нәтижеге қол жеткізуге тырысады. Себебі осы жолғы ҰБТ-дан жинаған ұпаймен грант конкурсына қатысып, қалаған жоғарғы оқу орнына түсуге мүмкіндік алады.
ҚР Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаевтың айтуынша, «ҰБТ-2023» форматында айтарлықтай өзгерістер жоқ. Дегенмен міндетті пәндер қатарындағы «Қазақстан тарихы» мен «Оқу сауаттылығы» бойынша тапсырмажүргіншілер жолы мен темір бетонды лоток орнату жұмыстары 2022 жылы басталып, биылға өтпелі болған. Осы жылы да жөндеу жұмыстары жалғасын тауып, оны маусым айында аяқтау жоспарланған. Мердігер мекеме «Бауыржан Құрылыс» ЖШС-нің өкілімен жүздескен аудан басшысы жұмыс сапасы басты орында екенін жеткізді. Бұдан бөлек Тереңөзек кенті тұрғындары тарапынан түскен өтініштің негізінде Асқар Тоқмағамбетов көшесі бойындағы «Қаракөл» каналына жаяу жүргіншілерге арналған жаңа көпір салынды. Аудан әкімі оны да арнайы барып көріп, жұмыс сапасына мән берді. Аудан орталығында атқарылып жатқан жұмыстардың жай-күйімен танысқан аудан басшысы жауапты сала мамандарына мемлекет тарапынан бөлініп отырған қаржыны игеріп, ел игілігіне бағытталған жұмыстардың сапалы және уақытылы орындалуын міндеттеді. Бұл жұмыстардан бөлек аудандық маңыздағы жол жөндеу жұмыстары да жүргізіліп жатыр.
Атап айтқанда, «Қызылорда-Қоғалыкөл-Шіркейлі» автомобиль жолы орташа жөндеуден өткізілуде. Негізінен, бұл жолдың 11 шақырымын жөндеуге облыстық бюджеттен қаржы бөлінген. Өткен жылы 6 шақырым жол жөнделсе, биылғы жоспар – 5 шақырым. Осы жұмыстар да бастау алып, бүгінде «Стройтельно-транспортная компания» ЖШС 1 шақырымнан аса жолға асфальт төсеп үлгірді. Жұмыстардың жоба бойынша сапалы атқарылуын, асфальт жабындысының ені мен қалыңдығының сәйкес болуын техникалық қадағалаушы мекеме қызметкерлерімен бірге жауапты мамандар күнделікті бақылауға алған.
