Kyzylorda-news.kz. Шын мәнінде, сырдария ауданының ауданының бюджеті 13 млрд теңгені құраған болатын. Ал осы жылдың бірінші жартыжылғындағы қаржысы 10,7 млрд теңгеге жеткені мәлім. Өткен жылы бюджеттің 73 пайызы білім саласына бағытталса, биылғы қаржының 23,5 пайызы әлеуметтік сала мен тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық, көлік және коммуникацияны дамытуға бөлінгені жасырын емес.
Аудан экономикасына тікелей ықпал ететін өнеркәсіп саласында оң динамика бар екені анықталды. Өнеркәсіп өндірісі 6,1 есеге ұлғайса, ауыл, орман және балық шаруашылығының жалпы өнім көлемі 1,5 пайызға артқаны байқалады. Инвестиция 2,2, құрылыс жұмыстарының көлемі 3,1 есеге, тұрғын үй тұрғызу 36,9 пайызға ұлғайған.
– Жалпы, аудан құрылыс жұмыстары қарқынды түрде жүзеге асуда. Шын мәнінде, аудан бюджетінің ұлғаюына байланысты тың бастамалар жүзеге асырылуда. Негізгі міндетіміз ауылдың және аудан орталығы Тереңөзектің әлеуетін арттыру болып табылады. Негізінен, ауданның экономикалық бағытын айқындай отырып, инвестиция тарту – маңызыд рөл ойнайды. Біз қашанда аудан бюджетін тиімді жоспарлап, ауқымды жобаларды жүзеге асыруға барымызды саламыз. Себебі, ауданның даму динамикасы жоғары деңгейде, – деді аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ерлан Ахетов.
