Kyzylorda-news.kz «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Республикалық коалиция мүшесі Мұрат Ергешбаев ауданның белсенді жастарымен кездесті. 

Кездесуге аумақтық коалиция жетекшісі Ержан Әжікенов, коалиция мүшелері Жұмабек Ембергенов, Ақтөре Ибрагимұлы, Жанна Сәркеева, Жадыра Бағдатқызы, Аружан Мұханбетқали, Абылайхан Қилымханов, Абай Мейрамбеков, Айдана Бақытжанқызы және ауданның белсенді жастары қатысты.

Сырдариялық жастар Мұрат Нәлқожаұлымен Конституцияның жаңа нұсқасы туралы ой-пікір алмасып, жаңа заман талабына сай жаңарып, геосаяси кезеңде өзгеріп жатқан Ата Заңның жаңа нұсқасының маңыздылығын айтып өтті. 

– Еліміз әділеттілікті басты бағдар етіп алып, жаңаруға түбегейлі бет бұруда. Жарияланған жаңа Конституциясы жобасы тұрақты болашаққа деген жаңа қадамның көрінісі. Жалпы мәдениет ұғымы жаңарған Ата заңда инновация, ғылым және біліммен қатар орталық идеялардың бірі ретінде танылды. Ұлттық құндылықтарға көрсетілген жанашыр көзқарас. Ал бұл рухани қуат өз кезегінде Конституцияның жаңа жобасында басты қағидаттардың бірі ретінде бекітілген патриоттық сезімдерді нығайта түседі. Қазақстан үшін бұл кезең – саяси реформалардың қорытындысы ғана емес, жаңа мемлекеттік даму дәуірінің бастауы деп үміттенеміз. Алдағы кезеңде Конституция жобасы кең көлемде талқылаудан өтіп, түпкілікті шешімнің референдум арқылы қабылданатыны белгілі. Бұл – әрбір азаматтың ел болашағына тікелей қатысуына мүмкіндік беретін тарихи сәт, – деді Республикалық коалиция мүшесі М.Ергешбаев.

Пікіралмасуда аудан жастары М.Мансұров, М.Сейілханов сөз сөйлеп, Конституцияның жаңа жобасын толық оқығандықтарын айтып, қолдау білдірді.

Тағы да оқыңыз: