Kyzylorda-news.kz. Аудан әкімі Берік Сарменбаев аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдаған болатын.
Кезекті рет жүзеге асқан Қабылдауға алдын ала жазылған тұрғындар өздерінің толғандырып жүрген жұмыссыздық мәселесі, қайтарымсыз грант, мүгедікке шығу мәселесі және тағы да басқа жеке өтініш-тілектерін жеткізгені мәлім.
Бүгін кезекті рет аудан тұрғындары жеке қабылдауыма келді. Күнделікті көкейтесті мәселелердің шешімін табу үшін тиісті бөлім және мекеме басшыларына нақты тапсырма беріп отырамын. Осы жолы аудандары бірнеше өзекте мәселесін алға тартты. Шын мәнінде, қоғам өмірінде кездесетін кез келген мәселені шешу жолында сан түрлі қиындықтарды жеңе білген дұрыс. Әрине, аудан тұрғындарының әрбір өтініші қаралады. Жан-жақты сараланады. Қашанда біздің басты мақсатымыз – тұрғындардың өтініш-тілегін барынша қанағаттандыру болып табылады, – деді аудан әкімі Берік Сәрменбаев.
Тұрғындардың мәселелері бойынша тиісті сала басшыларына тапсырмалар беріліп, бақылауға алынды. Расында, әр апта сайын аудан әкімінің қабылдауына мың түрлі қиындықпен тұрғындар келеді. Осы ретте, ауданға қарасты Тереңөзек кенті мен елді мекен тұрғындарының мәселелері назардан тыс қалмайды. Себебі, халық пен биліктің байланыс орнатуы – маңызды рөл ойнайды.