Kyzylorda-news.kz. Бүгін Сырдария ауданының әкімі Берік Сәрменбаев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдаған болатын.

Қабылдауға алдын ала жазылған тұрғындар өздерінің толғандырып жүрген тұрғын үй жөндеу үшін көмек, үй салу үшін жер, көшелерді асфальттау, әлеуметтік көмек және тағы да басқа жеке өтініш-тілектерін жеткізе білді. Өз кезегінде аудан тұрғындары көкейтесті мәселелерін ортаға салып, шешілу жолдарын қарастыруды сұрады. Әрине, әрбір адамның өзіндік мәселесі бойынша тиісті іс-шаралар қабылдау – маңызды рөл ойнайды.

Желілік кестеге сәйкес, аудан тұрғындарын жеке қабылдау жүргізу алдағы уақытта жалғасын табатын болады. Бұл жолы – бірнеше тұрғынның жеке мәселесін қарадық. Өзектілігіне қарай мәселелердің шешілуіне аса назар аударатын боламыз. Біз қай кезде де, халықтың пікірімен санасамыз. Әрбір сала басшысы өзіне тиісті мәселеге жауапкершілікпен қарайтын болады. Мүкіндігінше қордаланған мәселелерге назар аударып отырамыз. Тұрғындардың әлеуметтік жағдайына байланысты да, өзекті дүниелерді барынша зерделейтін боламыз, – деді аудан әкімі.    

Тұрғындардың мәселелері бойынша тиісті сала басшыларына тапсырмалар беріліп, бақылауға алынды.
 

Тағы да оқыңыз: