Kyzylorda-news.kz. Сырдария ауданының әкімі Мұрат Ергешбаев үйі өртенген отбасыға барып, дағдайымен танысты.
Үй иесі Нұржан Сапаров шарушылықта егінші болып жұмыс істейді, әйелі жұмыссыз. Үш баласы бар. Үй толығымен өртенген.
Аудан әкімі қиындыққа тап болған отбасыға әкімдік тарапынан қолдау көрсетілетінін жеткізді. Сонымен қатар ауылдық округтегі кәсіпкерлер мен ауыл тұрғындары демеушілік жасап, көмек көрсетуде.
Айта кетейік, Сырдария ауданы, Шаған ауылы, Ардагер көшесіндегі №8 үй 14 наурыз таңғы сағат 04:30 да өртке оранған болатын.


