Kyzylorda-news.kz. Сырдария ауданы әкімі Берік Сәрменбаев кезектілік тәртібімен жазылған азаматтарға жеке қабылдау өткізген болатын. Бүгінгі қабылдауға жазылған азаматтар аудан басшысына көкейдегі мәселелерін жеткізді.
Қабылдауға келген тұрғындардың басым бөлігі тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, инфрақұрылым жүргізу, көше құрылысы мен денсаулық саласына қатысты мәселелерді көтерді.
– Кезекті рет тұрғындарды қабылдаған болатынмын. Бүгінгі қабылдауға жазылған азаматтардың мәселелері сан алуан. Біршама азаматтар тұрғын үй мәселесін көтерді. Кезектілік ретімен үйлер тұрғындарға үйлестірілетін болады. Шын мәнінде, біз тұрғындар өтініш қанағаттандыру керекпіз. Жалпы, тұрғындарды аудан көлемінде орын алатын көптеген мәселелер ойландырады. Біз қай кезде де, тұрғындар мәселесін тыңдауға дайынбыз. Тиісті сала басшыларына кездесуге келген азаматтардың мәселесін назардан тыс қалдырмау керектігін ескерттім. Өйткені, әрбір адам кездесуден үлкен нәтиже күтеді. Сондықтан кез келген сала басшысы халықтың толғандырған мәселесімен дер кезінде жұмыс жасауы керек, – деді аудан басшысы.
Аудан әкімі қабылдауға келген азаматтардың ұсыныс-пікірлері алдағы уақытта зерттеліп, шешімі заң талаптарына сәйкес қарастырылатынын жеткізді.