Kyzylorda-news.kz. Аудан әкімі Берік Сарменбаев ауданда жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарын аралап, ауыл тұрғындарының ұсыныстарын тыңдаған болатын.  Осы күні  Айдарлы, Жетікөл, Аманкелді және Қоғалыкөл елді мекендерінде электрмен жабдықтау жұмыстары жүргізілуде. Мердігер мекеме “УниверсалСтройСервис” ЖШС-і болып табылады. электр желілері мен бағаналарын толықтай ауыстыруда.

 Сырдария ауданында бірнеше жоба бойынша жұмыстар қарқынды жүзеге асырылып келеді. Жұмыс сапарымен бірнеше елді мекенді аралап электр желісі мен бағананы ауыстыру жұмысына қанықтым. Жекелеген ауылдар бұл жобадан зор үміт күтіп отыр. Әрине, күнкөрістің негізгі өзегі саналатын жарықтың өшпеуі – маңызды рөл ойнайды. Электр жүйесін толықтай жаңарту арқылы жыл көлемінде орын  алатын ауа-райының қолайсыздығына төтеп бере аламыз. Мердігер мекеме мерзімді уақытта жұмысты бітіруге ықпал жасап жатқандығын алға тартты. Бізде өзіміз тарапынан халық игілігі үшін ұтымды ұсыныстарымызды жеткіздік, – деді аудан әкімі Берік Сәрменбаев. 

Сонымен қатар, “Қызылорда-Қоғалыкөл-Шіркейлі”, “Қызылорда-Айдарлы-Тартоғай” автомобиль жолдарының және елді мекендердегі көшелердің орташа жөндеу жұмыстары да назардан тыс қалмады. 

Аудан басшысы мердігер мекемелердің және жауапты сала басшыларына құрылыс жұмыстары барысында кемшіліктердің орын алмауын тапсырды. Ауданда жүргізілетін әрбір құрылыс, жөндеу жұмыстары, олардың сапасы, қауіпсіздігі аудан басшының бақылауында.
 

Тағы да оқыңыз: