Kyzylorda-news.kz   Аудан әкімі Берік Сәрменбаев Тереңөзек кентіндегі сауда нысандарын аралап, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларына бақылау жүргізді.

Сауда орталығында аудан басшысы халық күнделікті тұтынатын нан, сүт, ұн, көкөніс, қант, картоп, сәбіз секілді өнімдердің қоры мен бағасын бақылап шықты. Сонымен қатар тауардың сапалы, мерзімінің өтпеуіне де, аудан басшысы назар аударды. Сала мамандары осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

– Баға тұрақтылығы сақталуы қажет. Азық-түлік бағасын негізсіз өсіруге болмайды. Бағаны тұрақтылығын сақтау үшін апта сайын тиісті бөліммен талдау жұмыстары жүргізіліп отырады. Сондықтан халық тұтынатын тауарлар сапалы және қолжетімді болуы тиіс. Шын мәнінде, азық-түлік бағасының жергілікті халық үшін қолайлы болғаны дұрыс – деді Берік Әбдіғаппарұлы.

Бүгінде дүкендер тауар бағасын өз бетінше белгілейді. Алайда, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының өткізу құны өндірушінің немесе көтерме саудадағы бағадан 15 пайыздан аспауы тиіс. Негізінен, аудан көлемінде нарық бағасынан төменгі деңгейде тұрақты өткізіліп тұрады.

Ауданда азық-түлік қоры жеткілікті, тапшылық жоқ екенін айта кетейік.

Фото: egemen.kz

Тағы да оқыңыз: