maslihat_sailauy

Kyzylorda-news.kz. Қазақстан Республикасы Президентінің «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Сырдария ауданының әкімі Ергешбаев Мұрат Нәлхожаұлының кент және ауылдық округ халқымен кездесуі Бесарық, Қоғалыкөл, Шіркейлі ауылдарында өтті.

Кездесуге аудандық мәслихаттың хатшысы Е.Әжікенов, аудан прокуроры А. Кемалов, аудандық полиция бөлімінің бастығы Н.Ибраев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Келдібаев, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы М. Еспенбетов, дербес бөлім мен коммуналдық сала басшылары қатысты.

Жиын барысында аудан әкімі М. Ергешбаев аймақ бойынша жаңалықтармен бөлісіп, аудан бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндады.

«Аудан су тапшылығына қарамастан мемлекеттік қолдаулардың нәтижесінде  аймағымызда ауыл шаруашылық саласындағы «Үздік аудан» атанды. Ауданымыздың диқандары 20728 гектарға күріш дақылын орналастырып, әр гектарынан орташа есеппен 64,0 центнерден барлығы 1 326 592 центнер сыр салысы қамбаға құйылды. Қазіргі таңда ауданда 127 шаруашылық құрылымдары мал шаруашылығымен айналысып келеді. Оның ішінде 11 шаруашылық асыл тұқымды мал шаруашылығымен айналысуда. Асыл тұқымды 1000 бас мүйізді ірі қара, 4749 бас қой малы ауданымызда бағылуда. Бұл жұмыстардың барлығына да бірліктің, еңбектің арқасында жетіп отырмыз. Аймақ басшысы Н. Нәлібаев ауданымызға үлкен қолдау білдіріп отыр. Сол қолдауларды тиімді пайдаланып, алдағы уақытта да осы биіктен түспей жұмыстар атқаралатын болады»,- деді аудан басшысы.

Бесарық және Қоғалыкөл ауылдарында көшелер жөнделсе, Шіркейлі ауылында дәрігерлік амбулаториялық бекет күрделі жөндеуден өтуде. Қоғалыкөл ауылындағы электр желілерін ауыстыру туралы бірнеше жиындарда көтерілген болатын. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, электр желілерімен қоса көше жарығын орналастыру жүргізілетін болады. Келер жылға аталған ауылдарда көше жөндеуге тиісті жобалар ұсынылған. Жергілікті қауымдастықтың жиынының ұсынылған көшелерге жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.

Әрбір елді мекендегі халықтың мәселесін шешу аудан әкімдігінің күн тәртібінен түспейді.

сырдария1.jpg

Тағы да оқыңыз: