Kyzylorda-news.kz. Қазақстан Республикасы Президентінің "Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы" №826 жарлығына сәйкес Сырдария ауданының әкімі Мұрат Ергешбаевтың кент және ауылдық округ халқымен кездесуі Айдарлы, Жетікөл, Аманкелді ауылдарында өтті. Кездесуге аудандық полиция бөлімінің бастығы Н.Ибраев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Келдібаев, аудандық дербес бөлім басшылары мен коммуналдық сала басшылары қатысты.

Тұрғындармен кездескен аудан басшысы аймақ көлемінде атқарылып жатқан жұмыстар мен Шыны зауытының жандануы, Жаңақорған ауданындағы томат зауыты жобасы, жылу электр орталығының құрылысы, облыс орталығында бастау алған «Өнер» орталығы, «Қан» орталығы, «Аналар үйі» орталығы секілді ірі жобаларды атап көрсетіп, аймақ басшысы Н.Нәлібаевтың аудан орталығында өткізген тұрғындармен кездесуі мен құқық қорғау органдарының басшыларымен өткен жеке қабылдаулар туралы да айтып өтті.

Сонымен қатар, жыл басынан осы мерзімге дейін аудан көлемінді атқарылған жұмыстарға тоқталды. 

«Аудан 2013 жылдан бері биылғы жылдың егін науқанының қорытындысымен су тапшылығына қарамастан «Үздік» аудан атанды. Бұл үлкен жетістік. Әрине, елмен бірлесе атқарған жұмыстың нәтижесі. Бірлігі бекем ел ғана озады. Алдағы уақытта да сол биіктен түспеуге және де ең бірінші тұрғындардың қажеттілігін шешу бағытында жұмыстар атқарылады. Бюджет қаржысы өлшеусіз емес. Бірінші елге қажетті жол, электр желілері, жаяу жүргіншілер жолы, ауыз су, аяқ су мәселелерінің жұмыстарын жүргіземіз», – деді Мұрат Ергешбаев.

Аталған елді-мекендерде күрделі шешімін таппай келе жатқан мәселелер бар. Бұл ауылдарда ірі шаруашылықтар жоқ, электр желілері тозығы жеткен, аяқ су мәселесі өте күрделі жағдайда. 

Бұл мәселелерді тұрғындар алдыңғы кездесулерде көтерген болатын. Осы бағытта аудан әкімдігі тиісті сала басшылармен бірлесіп жұмыстар атқарды. 

Электр желілері бойынша аудан әкімдігімен ұсынылған жобаға сәйкес тиісті қаржы бөлінді. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күні Жетікөл ауылына инвесторлар келуде. Алғашқы жер ашу, тұқым әкелу жұмыстарын жүргізуде. 

Аяқ су мәселесіне қатысты аталған елді мекендерге келетін каналдардың биылғы жылы тазартылғандары бар. Дегенмен, жұмысты тоқтатпай, облыстық мекемелермен бірлесіп, жобаларды ұсына отырып, тазарту жұмыстарын жалғастыруды аудан әкімі сала басшыларына тапсырды. Аяқ суды елді мекенге жеткізу бағытында облыстық бюджеттен ауданға 19 насос алынды. 

Биыл Айдарлы, Жетікөл, Аманкелді елді мекендері бақша дақылдарын орналастырып, жақсы көрсеткішпен нәтижелі бақша дақылдарын алды. Айдарлыда «Жастар бригадасы» жұмыс жасап, картоп пен қауын-қарбызды облыс көлемінде сатылымға шығарды. Жетікөл ауылында 120 га жоңышқа, 35 га бақша, 22 га жүгері егілді. Аманкелді ауылында жаңадан жер ашылып, насос арқылы бақша дақылдарын егіп, жинап алды.

Жетікөл ауылында ұялы байланыс өте қиын болып келген. Ауыл әкімі демеушілерді тарта отырып, жыл соңына дейін «Kcell» байланыс операторының антеннасын орнату бойынша келсімге келгенін жеткізді.

Әрбір елді мекендегі халықтың мәселесін шешу аудан әкімдігінің күн тәртібінен түспейді.

314415692_1239802283249328_7973825849551500529_n.jpg312990660_1239803123249244_5770195262671494514_n.jpg314499400_1239801239916099_8094410106118717203_n.jpg314419169_1239800099916213_3856842172418097673_n.jpg314416456_1239803913249165_7224520792495741932_n.jpg

Тағы да оқыңыз: