Kyzylorda-news.kz   Сырдария аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ерлан Ахетов 2024 жылдың қантар-мамыр айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы бойынша аудан барлық макроэкономикалық көрсеткіштер орындалып, облыс бойынша алдынғы қатарға шыққандығы туралы хабарлады. Бұл жыл басынан бері қабылданған іс-шаралардың, нақты жасалған жұмыстардың арқасында жеткен нәтиже.

– 2024 жылдың 1 маусымына ауданымыздың халық саны 37890 адамды құрап отыр. 2024 жылдың 5 айында ауданның өнеркәсіп орындары қолданыстағы бағамен 39,5 млрд. теңгенің өнімін өндірді, бұл 2023 жылдың осы деңгейіне қарағанда 61,7 пайызға ұлғайған, облыс бойынша 1 орында. Өнеркәсіп өндірісі газ және мұнай  өндірілуі 67,8 пайызға дейін ұлғайған есебінен көбейіп отыр. Өңдеу өнеркәсібі 24,5 (6,2 млрд. теңге) пайызға орындалды (5 орын). Өңдеу өнеркәсібі ақталған күріш 28,5 пайызға артық орындалу себебінен өсім алды.

  Ауыл, орман және балық шаруашылығының жалпы өнімі көлемі 3,1 млрд. теңгені құрап, 2023 жылмен салыстырғанда 0,8 пайызға артты (6 орын). Бұл көрсеткіштің орындалуы ет өндірісінің 2,0 пайызға, сүт 0,6 пайызға және жұмыртқа 1,2 пайызға өсуі әсер еткен.

Есепті мерзімде өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда мүйізді ірі қара басының саны 109,9 %-ды (43017 бас), оның ішінде сиырлар 101,2%-ды (22374 бас), жылқы 133,9 %-ды (27142 бас), түйе 101,1%-ды (1685 бас), қой мен ешкі 96,6%-ды (35069 бас), құс 110,9 % -ды (13180 бас) құрады, – деді бөлім басшысы.

 Осы жылдың 5 айында аудан экономикасына 24,5 млрд.теңге негізгі капиталға инвестиция тартылды, бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен  салыстырғанда 125,5 пайыз (5 орын). Бұған себеп кен орнын жайластыру, ұңғымаларды пайдалану, шығару және айдау желілері жобалары, Қызылорда-Жезқазған автожолоның құрылысы, көшелерді күрделі жөндеу, газ, электрмен қамтамасыз ету жұмыстар есебінен 25,5 пайызға ұлғайғаны әсер еткен.

 

  2024 жылдың 5 айында 7727 шаршы метрді құрайтын  тұрғын үй салынып, 2023 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 19,7 пайызға артқан (2 орын).

   Құрылыс жұмыстарының көлемі 4,8 млрд. теңгені құрап, 66,6 пайызға артқан ( 5 орын). 5 ай көлемінде бөлшек сауда көлемі 1224,6 млн. теңгені құрап, 102,3 пайыз болып отыр (5 орын). Бөлшек сауданың өсімі жанар-жағар май сатылымының ұлғайуына байланысты көбейіп отыр.

2024 жылдың 1 маусымына 2821 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері  тіркелді. Оның ішінде жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2733 болып, өткен  жылдың осы  кезеңімен  салыстырғанда 84,2 пайызды құрады. Жұмыс жасап тұрған  кәсіпкерлік субъектілерінің тіркелгендерге үлесі 96,9 пайызды құрады.

Бұдан әрі Ерлан Ахетов ағымдағы жылдың міндеттемелеріне тоқталды.

– 2024 жылдың 5 ай қорытындысымен төмен орындалған көрсеткіш жоқ. Алайда, 2023 жылы өнеркәсіп 75,2 млрд теңгеге дейін жеткен, 38 мың тонна күріш ақталды, 66 млрд. теңгеге жуық инвестиция тартылды, оған тиісінше құрылыс жұмыстарының көлемі 16 млрд. теңгені құрады, 25 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.  Бұл дегеніміз ағымдағы жыл нақты іс-шараларды талап етеді деп ойлаймын. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының оң тенденцияларын қамтамасыз ету және де барлық индикаторлардың орындалуына жауаптылықпен қарау барлық салаға міндеттелген. Ол үшін ай сайын кәсіпорындар тапсыратың есептіліктерді бақылап, уақытында тапсырылуын қадағалау қажет деп санаймын. Ай сайын тапсырылатын статистикалық есептіліктің мерзімі есепті айдан кейінгі айдын 2 күні, – деді.

Аудан бюджетінің атқарылуын хабарлаған бөлім басшысы 2024 жылдың 1 маусымындағы жағдаймен түсімдер 6547,7 млн.теңгеге немесе 100,6%-ға орындалғанын айтты. Асыра орындалғаны 38,3 млн.теңге. Оның ішінде ауданның өз кірістері 2656,4 млн.теңгеге немесе 102,4%-ға орындалып, 62,6 млн.теңге артық түскен. Жоғарғы бюджеттен 1782,9 млн.теңге нысаналы трансферттер (100%), 2036,2 млн.теңге субвенция (100%) алынды. 72,2 млн.теңге көлемінде бюджеттік кредит өтелді. 2024 жылдың қаңтар-мамыр айындағы шығындар жоспары 4663,1 млн.теңгені құраған. Оның 17,6 пайызы немесе 819,7 млн.теңгесі республикалық бюджет қаржысы (оның ішінде 703,7 млн.теңгесі Ұлттық қор қаржысы есебінен), 23,9 пайызы немесе 1113,6 млн.теңгесі облыстық бюджет қаржысы, 58,5 пайызы немесе 2729,8 млн.теңгесі жергілікті бюджет қаржысы. 1 маусымындағы жағдаймен төлемдер жоспары 100 пайызға орындалған (4661,5 млн.тг). 

Тағы да оқыңыз: