Kyzylorda-news.kz. Сырдария ауданының әкімі Берік Сәрменбаев Тереңөзек кенті бойынша жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан құрылыс нысандарын аралады.
Аудан орталығында спорттық нысандар, білім, оның ішінде балабақшаға қатысты нысандар күрделі жөндеуден өткізілуде. Олардың бірқатарын аралап шыққан аудан басшысы құрылыс жұмыстарының сапалы әрі мерзімінде орындалуын қамтамасыз етуді атап, тиісті сала басшыларына тапсырма жүктеді.
