Kyzylorda-news.kz. Сырдария ауданында статистикалық мәлімет бойынша бүгінде 14 пен 35 жас аралығында 11 727 жас бар. Оның ішінде жұмыссыз жастар саны – 320, маргинал жастар (яғни NEET жастар) саны – 15.
Аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Нұрман Абдрасиловтың айтуынша жыл басынан бері жастар тәжірибесінде жүрген жастар саны – 26, қайтарымсыз грант алған жастар саны – 4, тұрақты жұмысқа орналасқан жастар саны – 49, әлеуметтік жұмысқа орналасқан жастар саны – 8, қоғамдық жұмысқа тартылған жастар саны – 107, студенттер – 2623, өзін-өзі жұмыспен қамтыған жастар саны – 262, мүмкіндігі шектеулі жастар саны – 64, 14 жастан жоғары оқушылар саны – 3255, жас кәсіпкерлер саны – 433, түрлі мекемелерде тұрақты жұмыс жасайтын жас мамандар саны – 2528, мемлекттік қызметшілер – 26, пробациялық есептегі жастар саны – 54, жас отбасылар саны – 381 құрайды. Бұдан бөлек, «Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік бағытында 49 жас оқытылған.
Бүгінгі таңда елімізде жұмыссыздық деңгейі жастар арасында өзекті мәселеге айналып отыр. Ауданның еңбек нарығында жастарды еңбекке тарту, жастардың жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында түрлі бағытта жұмыстар жүргізілуде.
Аудандағы жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында және оларды жұмыспен қамту бағытында аудандық жастар ресурстық орталығының бастамасымен 7 ауылдық округінен Шіркейлі, Айдарлы, А.Тоқмағамбетов, Аманкелді, Бесарық, Жетікөл, Қоғалыкөл ауылдық округінен жастар бригадалары қайта құрылды. Олардың қатарында жұмыссыз, НЕЕТ санатындағы жастар және пробация есебінде тұратын жастар жұмыс жасауда. Осы жастар бригадаларына 150-ге тарта жас тартылып, барлығы 40 гектар жер беріліп, 25 гектарына картоп дақылын және 15 гектарына бақша дақылдары егілді.
Жыл басында Сырдария ауданы бойынша Республикалық база Отбасының цифрлық картасында анықталған NEET санатындағы жастарды мемлекеттік қолдау шараларымен жұмысқа орналастыру, қайта оқыту, кәсібін ашуға грант немесе кредит беру жұмыстарын жүргізу үшін NEET санатындағы 275 жастың тізімі келді.
Алайда тізімдегі 275 азаматты тексеру барысында көптеген жастар Отбасының цифрлық картасы тізімнен алынды, – дейді аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Нұрман Абдрасилов.
Анықталғандай: жұмыс жасайтындар – 81, үй шаруасында – 37, тіркеу орнында тұрмайтыны – 58, бейресми жалдамалы жұмысшы – 16, қайтыс болғандар – 1, мүмкіндігі шектеулі – 1, студент – 7, тіркелмеген жұмыссыздар – 33, статусы мүлдем жоқ – 1.
Жалпы көрсетілген 33 азаматпен аудандық аурухана, аудандық жұмыспен қамту орталығы, аудандық полиция бөлімі арқылы зерттеліп, қосымша адрестік жұмыстар жүргізіліп, жұмыспен қамту шаралары жасалған. Олардың ішінде қазіргі таңда 15 жас ғана НЕЕТ санатындағы жастар қатарында болып отыр. Аудан бойынша жастар арасында жұмыссыздық деңгейі 4,3 % болса, жыл аяғына дейін 3,9 %-ға төмендету көзделуде.
Жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларды түсіндіру мақсатында барлық ауыл жастарына "Мүмкіндіктер алаңы" атауымен көшпелі кеңес беру жұмыстары жүргізілді. Оған аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі, аудандық ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөлімі, аудандық жұмыспен қамту орталығы, аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі, аудандық жастар ресурстық орталығы, "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалының мамандары қатысты. "Жастар практикасы", "Алғашқы бос жұмыс орны", "Қоғамдық жұмыс", "Әлеуметтік жұмыс орны", 5 млнға дейінгі инновациялық жобалардың қайтарымсыз гранты, Бос жұмыс орындары, "Ауыл аманаты" жобасы, "Агронесие" жобасы, "Жасыл ел" жобасы, "Жастар бригадасы", шағын гранттар, бизнес жоспарлар туралы, "Бастау-Бизнес" және "Ұрпақтар келісім-шарты" жөнінде толыққанды ақпараттар берілді, – дейді орталық директоры.
Айту керек, аудан жастары көп қолданатын аудандық жастар ресурстық орталығының Тик-ток, Телеграмм, Инстаграмм, Фейзбук парақшаларында жұмыспен қамтылуына ықпал жасау мақсатында бос жұмыс орындары туралы ақпараттар беріліп, жастарға арналған мүмкіндіктердің барлығы бейнероликтер арқылы тұрақты түрде жарияланып келеді.