Kyzylorda-news.kz. Сырдария ауданы бойынша заңсыз қазылған карьерлерді анықтау жөніндегі аудандық жұмысшы тобы құрылып, заңға сәйкес тиісті жұмыстар жүргізгілді. 

Тексеру жұмыстары барысында Сырдария ауданы, Қызылорда-Құмкөл автожолы бойында орналасқан кадастрлық нөмірі 10-153-018-4531 меншік иесі Мұрат Нұрсаитовтың жалпы көлемі – 1000 гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы маусымдық жайылымға арналған «шалғайдағы мал шаруашылығы үшін» аудан әкімінің 2019 жылғы 13 мамырдағы №104 қаулысы негізінде уақытша өтеусіз жер пайдалану мерзімі 5 жылға табысталған жер учаскесінде заңсыз карьер қазу жұмыстарының жүргізіліп жатқандығы анықталды.

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің талаптарын, Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін басшылыққа ала отырып, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін мақсаты бойынша пайдаланбай отырған жеке тұлғаның жер учаскесіне қатысты құжаттарын жинақтап, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды. Құжаттар әкімшілік жазалау шарасын қолдану жөнінде Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің жер ресурстарын басқару комитеті Қызылорда облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасына жолданып, тиісті жұмыстары жүргізілуде.

316415840_1350980222342895_5006393509068920658_n.jpg

Тағы да оқыңыз: