Kyzylorda-news.kz. Сырдария ауданының әкімі Берік Сәрменбаев Айдарлы елді мекеніне барып, театландырылған қойылымды тамашалады.

Ғ.Жанұзақов атындағы ауылдық клубы жанынан құрылған «Айдарлы» халықтық театры «Замақыр» спектаклін сахналады.

Айдарлыдағы театрдың іргетасы 1976 жылы құрамында 4-5 өнер­пазы бар үйірмеден құрылған. Әуелде шымылдығын С.Адамбековтың бір актілі «Ох жүрегім», Ы.Шотбаевтың «Құйынбайдың құдалары» атты пьесаларымен ашқан бұл үйірме кейін М.Шамқаловтың «Қайын ене мен келін», Т.Ахтановтың «Махаббат мұңы», Ш.Құсайыновтың «Рабиға», Д.Исабаевтың «Әпке», О.Бодықовтың «Қара­құм» трагедиясы сияқты қомақты дүниелерді ауыл сахнасымен қатар, аудан, облыс көрермендеріне ұсынды. 1988 жылы Қазақ ССР Мәдениет Министрлігі Коллегиясының шешімімен театр үйірмесіне «Халықтық» атақ берілді. Бүгінде халықтық театр аудан, облыс көлемінде түрлі жанрдағы қойылымдарды қойып келеді.

Сондай-ақ, аудан басшысы аудандық мәслихат депутаты А.Ибрагимұлымен бірге ауылдық клубтағы үйірмелер жұмысымен де танысты. Қазіргі уақытта клуб үйінде 6 үйірме жұмыс жасайды. Үйірмелерге барлығы 87 өнерпаз қамтылған. Сонымен қатар, 2021 жылдан клуб үйі жанынан «Сұлу-ай» шығармашылық өнер орталығы арқылы 8 үйірмеге 100-ге жуық өнерпаз қатысуда.  

Тағы да оқыңыз: