Kyzylorda-news.kz. Қала тазалығына үлес қосу – туған жерге деген қамқорлық болып табылады. Қаланы қоқыстан тазартып, көрікті жерге айналдыру мақсатында көптеген жұмыстар атқарылып келеді.

«Тазалық – табалдырықтан басталады», демекші қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Тазалықты жанына серік еткен сырдариялықтар ерекше белсенділік танытуда.

Осы орайда Аудан көлемінде санитарлық жағдайды жақсарту, кенттің келбетіне өң беру, абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарын оңтайландыру мақсатында барлық аудандық қызмет көрсетуші мекемелер, коммуналдық салалар мен мемлекеттік органдардың қатысуымен сенбілік өткізді.

Сенбілікке қатысқан азаматтар арықтарды тазарту, күл-қоқыстарды шығару, талдарды әктеу, арам шөптерді шабу жұмыстарын жүргізді. Жалпы сенбілікке 1000-нан аса адам мен 5 арнайы техника жұмылдырылды.

«Тазалық – мәдениеттіліктің өлшемі» деген бар. Осы ретте, аудан тұрғындарын аудан көлеміндегі жүргізіліп жатқан санитарлық тазалық жұмыстарына немқұрайлы қарамай, жанашырлық танытып, бірлесе атқаруға шақырамыз!

Тазалық табалдырықтан басталады десек, өз аулаларыңыз бен үй айналасын тазарту аудан ажарына қосқан үлкен үлесіңіз және мәдениеттілігіңіздің белгісі болар еді.

 

 

Тағы да оқыңыз: