Kyzylorda-news.kz Сырдария аудындық кәсіпкерлік бөлімінің ұйымдастыруымен ауданда орналасқан елді мекендерде өткізілген мемлекеттік қолдау бағдарламаларына арналған түсіндірме жұмыстары аяқталды.
Түсіндірме жұмыстарына Қалжан ахун, С.Сейфуллин, А.Тоқмағанбетов ауылдық округтері мен Тереңөзек кентінің тұрғындары, жеке кәсіпкерлер, кәсіпкерлік ынтасы бар азаматтар және қаржы ұйымдарының, облыстық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының, облыстық «Мансап» орталығының Сырдария ауданындағы филиалының, аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі (әрі қарай - бөлім) мен кент, ауылдық округтері әкімдері аппараттарының сала бойынша мамандары қатысты.
Мемлекеттік қолдау бағдарламаларының талаптары, кепіл мүлік саясаты, қайтарымсыз гранттарға қатысу шарттары мен мүмкіндіктері, қолдау бағдарламаларына қатысушылардың санаттары, қаржы ұйымдары беретін несиелердің пайыздық мөлшерлемелері, т.б. сауалдарға қатысты мәселелер жөнінде айтылды.
«Ауыл Аманаты» бағдарламасының аясында алынатын жобалардың арасында өнеркәсіптік жобаларға қаржы ұйымы тарапынан басымдық берілетіні нақтыланды.
Іс-шара барысында жоғарыда аталған мәселерге байланысты қатысушы кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік ынтасы бар азаматтар тарапынан салаға қатысты түрлі сауалдар қойылып, мамандар тақырыптарды ашып, жауаптар берді.
Соңында аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің бас маманы Л.Смағұлова бүгінгі түсіндірме жұмыстарына қатысқан қаржылай және қаржылай емес қолдау түрлерін көрсетіп жүрген ұйымдардың өкілдеріне және елді мекендерден қатысып отырған кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік ынтасы бар азаматтарға бөлімнің атынан алғыс білдірді.
