Kyzylorda-news.kz. Бүгін Сырдария ауданында күзгі тазалық жұмыстары өткізілді. 

Аудан әкімдігіне қарасты барлық мемлекеттік мекемелер, аудан орталығында орналасқан мемлекеттік органдар, білім беру ұйымдарының қызметкерлері, мәдениет және спорт саласының қызметкерлері, жеке сектор өкілдері де қатысты. Арнайы техникалар қатыстырылып, жиналған қоқыстар шығарылды.

Мәдениеттілігімізді көрсететін тазалықтың адамзат баласы үшін орны ерекше. «Сенбілік – ауданның сәулеті мен сәнін арттыратын, тазалығы мен тәртібін түзейтін ерекше үрдіс. Туған жерімізді, оның ішінде қоғамдық жерлерде тазалық сақтау арқылы көпшіліктің ризашылығын алатынымызды естен шығармаған жөн. Ол үшін әрбіріміз осы тазалықтың төңірегінде жауапты екенімізді сезіну ғана жеткілікті. Сананың тазалығы арқылы айналаның тазалығына үлес қоса алатынымыз анық», - дейді сенбілікке қатысушылар.

Жалпыаудандық сенбіліктің мақсаты – аудан көшелерінің тазалығын сақтауға қоғам назарын аудару, тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Айта кету керек, Сырдария ауданы көлемінде әр сенбі сайын Төреңөзек кенті мен ауылдық округтерде тазалық жұмыстары тұрақты жүргізілуде. 

317072157_1254353491794207_5904267114290916550_n.jpg
317261196_1254353511794205_7523855364640824844_n.jpg

Тағы да оқыңыз: