Kyzylorda-news.kz. Сырдария ауданының әкімі сайлауалды үгіт-наси­хат ке­зеңінде тұрғын­дар­дан түскен ұсыныс-пікір­лерді саралау­ үшін аудандық мәслихат депутаттарымен кездесті. Ауданның әлеуметтік-эконо­микалық, қо­ғам­дық-саяси да­муы­на­ атқарушы орган­мен қа­тар өкілді орган да тікелей жа­­уап­ты. Сырдария ауданының әкімі сайлауалды үгіт-насихат кезеңінде тұрғындардан түскен ұсыныс-пікірлерді саралау үшін аудандық мәслихат депутаттарымен кездесті. Ауданның әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси дамуына атқарушы органмен қатар өкілді орган да тікелей жауапты. Сондықтан аудан әкімі мен аудандық мәслихат депутаттарына тұрғындар тарапынан тең талап қойылады.

Кездесу еркін форматта ұйымдастырылды. Әр­бір округтен сайланған депутатқа жеткілікті уақыт беріліп, аудан басшысы айтылар ұсыныс пен пі­кірді, тіпті сын-ескертпені де асықпай тыңдады. Мә­селелердің түйіні – инфрақұрылымды жетілдіру, жолдарды жөндеу, аяқ су мәселесін реттеу, газдандыру, жарықпен қамтамасыз ету секілді өзекті тақырыптармен жалғасты.


«Биыл біз үлкен саяси маңызды науқандарды жоғары деңгейде қорытындылап, жаңа кезеңге қадам басып жатырмыз. Бұл – ауданымыз үшін де, әрбіріміз үшін де аса маңызды. Сондықтан жауап­кер­шілікті терең сезініп, Мемлекет басшысы­ның саяси реформаларын жүзеге асыру мақсатында облыс әкімінің жанына топтасып, елімізді әлеуметтік-эко­номикалық дамыту жолында бірлесе еңбек етуі­міз қажет. Өткен айда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ас­та­нада ке­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­ңейтілген кеңес өтті. Кеңеске ау­дан­нан аудандық мәс­лихат төрағасы Ержан Әжікенов екеуміз қа­тысып келдік. Жиында еліміз­дің әлеуметтік-эконо­ми­калық мәселелері кеңінен талқыланды, нақты міндеттер айқындалды. Сол тапсырмаларды орындау бағытындағы жұмыстарды нақтылау бойынша аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлының төр­ағалығымен де арнайы жиын өткізілді. Бұл жиынды тарихи жиын десек те болады. Өйткені, об­лысымыздың алдағы даму белестері айқындалып, үлкен істердің негізі қаланды», – деді аудан әкімі.


Аудан басшысы ауданның әлеуметтік-экономи­калық, қоғамдық-саяси дамуында аудандық мәс­лихат депутаттарының алатын орны ерекше екенін жеткізді. Депутаттар бүгінде тұрақты комиссиялар­дың бірлескен отырысы мен әрбір сессияларда ма­ңызды шешімдер қабылдап, сайлаушылардың ұсы­ныс-пікірін жұмыстарының басты арқауы еткен. Бұл жолғы жиын сол жұмыстарды жетілдіруге арналып, әр округтен сайланған депутаттар тұрғындардың мұң-мұқтажын айтты.


Мемлекет басшысы Парламент пен Үкіметтің өзара бірлескен жұмысына қатысты мәселелер­ге ерекше тоқталды. «Парламент депутаттарының ­ой-пікірі атқарушы билікті беталды сынның астына алуды ғана көздемеуге тиіс. Үкіметтің де, Парла­мент­тің де мақсаты – бір. Бұл – халықтың қамы және елдің мүддесі» деді Президент. Бұл бізге де қатысты. Жергілікті жерде мәслихат депутаттары әкімдерге қолдау көрсетіп, қажет болса кеңесшісі болып, өзара ақылдасып, халық игілігі үшін жұ­мыс жа­сауы керек. Яғни, біз «бір жағадан бас, бір жең­нен қол шығарып» өңіріміздің әлеуметтік-эконо­микалық, қоғам­дық-саяси, рухани-мәдени дамуына бар ын­та-жігерімізбен, күш-қайратымызбен атса­лы­суы­­мыз қажет. Бізден мұны уақыт да, қоғам да талап етіп отыр. Ал бұл істе Сырдария аудандық мәс­ли­хатындағы депутаттық корпус жергілікті ат­қарушы органдармен, аудан, кент және ауыл әкім­діктерімен, бөлімдермен тығыз әріптестік байланыста болып, тиімді шешімдердің қабылдануына жұмыс істеуде деп нық сеніммен айта аламын, – деді жиында аудандық мәслихат төрағасы.


Депутаттардың ұсыныстарын байыппен тың­да­ған Берік Сәрменбаев кент және ауыл әкімдеріне, тиісті мекеме басшыларына нақты тапсырмалар берді. Арнайы жоспар әзірленіп, әрбір мәселенің орындалуы назарға алынып, бақылауда болатынын жеткізді. Сондай-ақ депутаттарды ауданның макроэкономикалық көрсеткіштерін жақсарту ба­ғытында бірлесе еңбек етуге шақырды.

 

Тағы да оқыңыз: