Сырдария ауданы әкімдігінде аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің ұйымдастыруымен, аталған бөлімнің басшысы Ернар Зұлқарнаевтың төрағалығымен жаңадан қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының қолданысқа енуіне байланысты, Қазақстан Республикасының заңдарына енгізілген өзгерістерді түсіндіруге және елімізде жүзеге асырылып жатқан «Заң мен тәртіп» қағидатының ауданда іске асырылу барысын талқылауға арналған құқықтық-оқу семинары өтті.

Семинарға кент және ауылдық округтер мен дербес бөлімдердің және аудан әкімі аппаратының жауапты қызметкерлері қатысты.

Күн тәртібінде:

1. Ауданда «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру шараларын күшейту туралы».

2. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы».

3. «Қазақстан Республикасының Конституциялық реформаларына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы өзгерістерді түсіндіру туралы.

4. Қосымша өзге де мәселелер қаралды.

Күн тәртібіне сәйкес, бөлімнің бас инспекторы Айбек Сәдуақасовтың және бөлімнің бас маманы Светлана Арысбаеваның баяндамалары тыңдалды.

Семинардың негізгі мақсаты – қолданыстағы заңдарға енгізілген өзгерістерді кеңінен түсіндіру, құқықтық мәдениетті арттыру, заң бұзушылықтардың алдын алу және мемлекеттік органдар мен қоғам арасындағы құқықтық өзара іс-қимылды нығайту.

Іс-шара барысында Конституциялық реформаларға сәйкес қабылданған заңнамалық өзгерістердің мазмұны, олардың мемлекеттік басқару жүйесіне, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттыруға ықпалы, сонымен қатар, Мемлекет басшысы айқындаған «Заң мен тәртіп» қағидатын аудан көлемінде іске асыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, құқық бұзушылықтардың алдын алу, заң талаптарын сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру мәселелері кеңінен талқыланып, слайдтар және бейнероликтер арқылы жан-жақты түсіндірілді.

Семинарда қатысушылар өздерін толғандырған құқықтық мәселелер бойынша сұрақтарын қойып, заңнама талаптары аясында нақты түсіндірмелер алды.

Мұндай кездесулер мемлекеттік орган қызметкерлерінің құқықтық сауаттылығын арттыруға, заң талаптарын дұрыс түсінуге және қоғамда заң үстемдігі қағидатын нығайтуға өз үлесін қосады.

Аудан әкімдігі алдағы уақытта да құқықтық ағарту бағытындағы іс-шараларды тұрақты түрде ұйымдастырып, осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыра береді.

Сонымен қатар жұмыс барысында қолданыстағы заңнамаларды  қатаң сақтап, заңдылықтың бұзылуына жол бермеу мақсатында тиісті шараларды қабылдау қажеттігі тапсырылды.

FB_IMG_1785559856912.jpg

Тағы да оқыңыз: