Kyzylorda-news.kz  Қазіргі таңда Сырдария ауданы бойынша қоғамдық-саяси ахуал тұрақты. 2024 жылғы ІІ тоқсанына Шіркейлі, С.Сейфуллин ауылдық округтердегі жер мәселесі және Тереңөзек кентіндегі апатты үйлер шиеленіс картасына енгізілген болатын.

  Аудандық қоғамдық-саяси ахуалға және тұрғындардың көңіл-күйіне әсер ететін бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерге күнделікті мониторинг жүргізіліп отыр. Сырдария ауданы әкімдігі және оған қарасты мекемелермен фейсбук және инстаграм желілері арқылы 1000-ға жуық материал жарияланды.

   Сырдария ауданы бойынша діни ахуал тұрақты. Есепті мерзімге дейін қоғамдық-саяси, діни шиеленіс тудыратын проблемалық мәселелер орын алған жоқ.

Қазіргі таңда, аудан бойынша 15 мешіт, 1 өзге діни бірлестік тіркеліп, жұмыс жасауда. Оның ішінде 4 мешіт бейне кармералармен қамтамасыз етілген.

2024 жылы аудан тұрғындары арасында діни экстремизмнің және тероризмнің алдын алу бағытында облыстық қоғамдық даму басқармасы арқылы құрылған облыстық ақпараттық-түсіндіру тобы жұмыс жасауда.

  Топ құрамында ауданнан 7 адам енгізілді. Ақпараттық топ мүшелерімен бірлесіп, қарсынасихаттық жұмыстар тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Жыл басынан бері 31 кездесу мен 4 акция ұйымдастырылып, 1392 адам қамтылды. Нақты контингент ретінде пробацияда тіркеудегі азаматтар, NEET санатындағы жастар, жұмыссыз азаматтар және әр түрлі санаттағы аудан тұрғындары қамтылды. Өткізілген шараларға республикалық, облыстық түсіндіру тобының 4 теологы, 2 психолог маман тартылған.

   Облыстық дін істері басқармасы арқылы ұсынылған бейне және фото материалдар, аудан көлемінде өткізілген барлық профилактикалық іс-шаралар туралы ақпараттар facebook желісіндегі арнайы ашылған «Дін және дәстүр» парқшасында, instagram желісінде «Сырдария LIVE», жастар контенті жиналған «Сырдария аудандық жастар ресурстық орталығының» tik-tok, instagram, facebook парақшалары, аудандық «Тіршілік тынысы» газеті  мен газеттің сайты пайдаланылуда. Жыл басынан бері қарсы насихаттық 451 материал орналастырылды.

  Сырдария ауданы бойынша жалпы халық саны - 37890, оның ішінде 14-35 жас аралығында 11727 жас (олардың  6484 ерлер, 5243 әйелдер), халықтың 30 % құрайды. 2024 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес 65 шара ұйымдастырылып, 863 жас қамтылды. Өткен жылы республикада жастардың өңірлік базасы яғни отбасылық цифрлық картасы іске қосылып, аудан бойынша NEET санатындағы 245 жастың тізімі енгізілген. Өткен жылы 56,33 % құраса, ағымдағы жылдың ақпан айында 72,65 % құрады. Қазіргі таңда 130 жасты өзектендіру жұмыстары жүргізілуде. Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 4% немесе 309 адамды құрайды. «Жасыл ел» жобасына 110 жас (маусым-тамыз) маусымдық жұмыспен қамтылады. Оның ішінде 27 жас (маусым айы) кент орталығында тазалық жұмыстарына белсене қатысуда.

Аудандық пробация қызметі және аудандық жастар ресурстық орталығымен меморандум жасалып, пробация есебінде тұрған 26 азаматпен әр айдың 5-і күні кездесу жоспарланған.Кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер мен жастар арасында заңды өкілдерінсіз түнгі уақытта жүруі бойынша 7 рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылып, жастарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Аудан көлемінде мемлекеттік рәміздерді насихаттау, халықтың рәміздерге деген құрмет сезімін қалыптастыру мақсатында мемлекеттік рәміздер жөніндегі аудандық комиссия тұрақты жұмыс жасауда. Мемлекеттік рәміздер жөніндегі аудандық комиссияның отырысы бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес жылына 2 рет өткізу жоспарланған. Аудан әкімдігі тарапынан аудан көлеміндегі мемлекеттік мекемелердегі рәміздердің жай-күйі күнделікті қатаң бақылауға алынып, тиісті зерделеу жыл басынан бері 1 рет жүргізілді.

Ауданда жалпы саны 463 әртүрлі этнос өкілдерінің 16 түрі мекен етеді. Аудандық ассамблеяның құрамы – этномәдени бағыттағы бірлестік өкілдерінен, қоғамда өзіндік орны, абырой-беделі бар тұлғалардан тұрады. Ассамблея қазіргі таңда, «Аналар кеңесі», «Қоғамдық келісім кеңесі» және «Медиация» бойынша жұмыстар атқаруда. Сонымен қатар, этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу үшін аудан көлемінде тұратын этнос өкілдерінің ұлттық салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын қолдау мақсатында аудандық қоғамдық даму бөлімі арқылы «Қоғамдық бірлік пен тұрақтылықты қалыптастыру, этносаралық қатынастарды дамыту» әлеуметтік  жобасы бойынша «Сырдария ауданының әйелдері» қоғамдық бірлестігі жеңімпаз атанып, тиісті жұмыстар жүргізуде. Жоба аясында 5 іс-шара  ұйымдастырылып өткізді. Гендерлік саясаттың басты мақсаттарының бірі – ана мен баланың денсаулығын қорғау болып табылады. Сырдария ауданы бойынша халық саны 37821 адамды құрады. Оның ішінде ерлер саны 19503 ( 51,6%), әйелдер саны 18318 (48,4%) адам. Аудандағы 38 мыңға жуық халықтың 48 пайызын әйел-аналар, қыз-келіншектер құрайды. Олардың басым көпшілігі білім, денсаулық, мәдениет салаларында қызмет жасайды. «Сырдария ауданының әйелдері» қоғамдық бірлестігінің жанынан  құрылған «Жас отау» клубы және «Әжелер мектебі» жұмыс жасайды. Отбасы құндылықтарына, ана мен бала мәселелеріне байланысты қоғамдық бірлестіктің жұмыстарының айтарлықтай маңызы бар. «Жас отау» клубында жаңадан бас қосқан жас жұбайлардың аяқтарынан нық тұрып кетуіне байланысты кездесетін қиыншылықтарды шешуге ақыл кеңес айтылса, «Әжелер мектебінде» келін мен ене арасындағы туындайтын мәселелер туралы, әулеттің үлкендерінің жақсы дәстүрлері үлгі ретінде айтылып, насихатталып отырады.

Аудандық қоғамдық даму бөлімінің қолдауымен «Отбасы және жеке құндылықтарын сақтау,гендерлік теңдікті насихаттау, отбасылық қатынастарды нығайту бағытында шаралар ұйымдастыру» әлеуметтік жобасына 2024 жылы аудандық бюджеттен - 1500,0 мың теңге бөлініп,  1205,3 мың теңгеге келісім-шарт арқылы, «Сырдария ауданының әйелдері» қоғамдық бірлестігі жеңімпаз атанып, тиісті жұмыстар жүргізуде. Аудан көлемінде  7  іс-шара ұйымдастырылды.

Тағы да оқыңыз: