Сырдария ауданы, Руханият орталығында Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының «Үкіметтік емес ұйымдарға арналған ақпараттық-ресурстық орталығы жұмысын үйлестіру» әлеуметтік жобасы аясында «Жалынды жастар» жастар қоғамдық бірлестігі мен облыстық «Жастар ресурстық орталығы» мамандарының бірлесе ұйымдастыруымен мемлекет басшысының Қаулысымен бекітілген қағидаттарын аймақтағы жастарға түсіндіру бойынша өңірдегі Үкіметтік емес ұйымдар жетекшілерінің қатысуымен «Ішкі саясат қағидатын жүзеге асырудағы үкіметтік емес ұйымдардың рөлі» тақырыбында оқыту-семинары ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты - Мемлекет басшысы айқындаған ішкі саясат қағидаттарын жастарға кеңінен насихаттау, үкіметтік емес ұйымдардың қоғамдық-саяси үдерістердегі рөлін түсіндіру, жастардың азаматтық жауапкершілігін, құқықтық мәдениетін қалыптастыру және қоғам өміріне белсенді қатысуына ықпал ету.
Іс-шара барысында облыстық «Ерлік» үйлестіру кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Марат Орынбайұлы, «Ел сенімі» қоғамдық қорының төрайымы Тәжіқожаева Меңтай Нұржауқызы және Үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс жасау бөлімінің басшысы Ахметова Айшолпан Тұрсынбекқызы спикер ретінде қатысып, Мемлекет басшысы айқындаған «Заң мен тәртіп», «Халық үніне құлақ асатын мемлекет», «Адал азамат», «Таза Қазақстан» қағидаттарының қоғам дамуы үшін стратегиялық маңыздылығына кеңінен тоқталып, үкіметтік емес ұйымдар мен жастардың аталған бағыттар бойынша белсенділігі елдің тұрақты дамуының кепілі екендігін атап өтті. Жастарды азаматтық жауапкершілікті арттыруға, құқықтық мәдениетті сақтауға, қоғамдық бастамаларға белсене қатысуға шақырды.
Сондай-ақ, өңірдегі үкіметтік емес ұйымдарды дамыту бағытында атқарылған іс-шаралар, мемлекеттік қолдау тетіктері, ҮЕҰ-дың жастар саясатын іске асырудағы тәжірибесі мен өзара ынтымақтастығын нығайту мәселелері жан-жақты талқыланды.
«Сырдария ауданының әйелдері» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Мырзахметова Алимаш Залқызы және «Сырдария-Нұрдария» қоғамдық қорының директоры Омаров Марат Жүсіпәліұлы жас үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын саралап, олардың әлеуетін арттыру, жобалық қызметті жүйелеу, жастармен тиімді жұмыс жүргізу, бастамаларды қолдау мен тұрақты дамуына ықпал ету бағытында нақты ұсыныстарын жеткізді.
Шара соңында қатысушылар сұрақтарын қойып, өз ой-пікірлерін ортаға салды.
СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА «ІШКІ САЯСАТ ҚАҒИДАТТАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДАҒЫ ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ РӨЛІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ОҚЫТУ - СЕМИНАРЫ ӨТТІ
Қоғам
21.12.2025 19:51
